Баспасөз орталығы

Fitch рейтинг агенттігі Халық Банктің рейтингін шетелдік капиталдың қатысуысыз екінші деңгейдегі қазақстандық банктердің арасында ең жоғары көрсеткіш болып табылатын «ВВ+» деңгейінде сақтады, болжамы жағымсыз

13.04.2020

2020 жылғы 8 сәуірде Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Халық Банктің эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін («ЭДР») жағымсыз болжаммен «BB+» деңгейінде растады. Сонымен қатар Банктің қаржылық тұрақтылығының рейтингі Қазақстанның банк секторындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылатын «bb+» (Viability Rating) деңгейінде расталып отыр.

Банк рейтингін жағымды болжамнан жағымсыз болжамға ауыстыру коронавирус пандемиясының орын алуы және мұнай бағасының айтарлықтай төмендеуі салдарынан Қазақстанның банк секторына қатысты болжамды қайта қараудың нәтижесі болды. Бүгінгі таңда осындай рейтинг шаралары бүкіл әлем бойынша, сонымен қатар ТМД елдері бойынша жаһандық тұрғыда жүргізілуде.

«Халық банкі рейтингінің «BB+» деңгейінде расталуы Банк үшін маңызды жайт. Рейтинг осы деңгейге осыдан төрт ай бұрын 2019 жылғы желтоқсанда көтерілді. Соңғы рет Банктің осындай рейтингі (ВВ+) дағдарысқа дейінгі кезеңде 2008 жылғы қарашада тіркелген болатын. Сол сәттен бастап Халық банкі бірнеше экономикалық циклды өткерді. Ағымдағы ғаламдық экономикалық дағдарыс пен операциялық саладағы жағдай нашарлаған кезеңде Банктің осындай жоғары рейтінгінің сақталуы тұрақты нарықтық позициясының, бірнеше экономикалық циклдердың барысында сақталған жоғары және тұрақты кірістілігінің, ауқымды капиталдандыру мен өтімділік тірегінің, тәуекелдерге қатысты дұрыс саясаты мен активтерінің сапалы құрылымының арқасында Банктің кез келген күйзеліске төтеп бере алатын тұрақтылығын растады. Туындаған қиындықтарға қарамастан, Банк қызметінің сапасы және өнімдері мен қызметтерінің ыңғайлылығын, қолжетімділігін арттыра түсетін сандық жүйеге көшу бойынша страгегиясын іске асырумен байланысты жұмысын Халық Банкі тоқтаусыз жалғастыратынын атап өткім келеді», - деп тұжырымдады өз пікірін Қазақстан Халық Банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.


***

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қазақстандағы ең ірі клиенттік базасы мен қызмет көрсету желісі бар көшбасшы қаржылық топ және озық бөлшек сауда банкі болып табылады. Банк өзінің бөлшек, шағын және орта бизнес клиенттері мен корпоративтік клиенттеріне банктік қызметтердің (сақтандыру, лизинг бойынша банк қызметтері, брокерлік және активтерді басқару қызметтері) ауқымды тізімін ұсынады. Сонымен қатар, Банк Ресей, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аймағында операцияларын жүзеге асырады.