Баспасөз орталығы

Halyk Bank - «Қолма-қол ақшаны басқару бойынша үздік банк»

13.03.2020

2020 жылғы 13 наурыз, Алматы - «Global Business Outlook» беделді халықаралық басылымы (www.globalbusinessoutlook.com) жетекші халықаралық банктердің жыл сайынғы егжей-тегжейлі іріктеу нәтижелері бойынша Halyk Bank-ті «Best Cash Management Bank» («Ақшалай қаражатты басқару бойынша үздік банк») номинациясында жеңімпаз деп таныды.


Halyk Bank (бұдан әрі - Банк) – ұлттық және шетел валютасындағы қолма-қол ақшаны басқару бойынша Қазақстан нарығының көшбасшысы. Банк филиалдарының желісі ең кең тараған болып табылады, ол еліміздің ірі қалаларында ғана емес, сонымен қатар қашықтағы елді мекендерде орналасқан 24 филиалдан, 650-ден астам бөлімшеден және 4500 банкоматтан (Қазақстандағы барлық банкоматтар паркінің шамамен 50%) тұрады.

Қолма-қол ақшаға деген қажеттіліктің тұтас бейнесін анықтау үшін орналасқан жеріне қарамастан Банк барлық желінің қолма-қол ақшасын орталықтан басқара отырып, ақша ағынына толық бақылауды қамтамасыз етеді. Қолма-қол ақшаны басқару тиімділігі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді уақыттағы сұранысты болжауға негізделген. Ол үшін Банк Cash Management мамандардырылған жүйесін енгізді, ол операциялық шығындарды айтарлықтай қысқартуға, сату арналарында, банкоматтарда ақшалай қаражат деңгейін оңтайландыруға және клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік берді. 

Банк, сондай-ақ банкноттық бизнес бойынша Raiffeisen Bank international AG, Credit Suisse AG, Сбербанк России ААҚ, Грузия Банкі АҚ сияқты жетекші әлемдік банктермен ынтымақтасып қызмет етеді. 

             «Банктің барлық бөлімшелерінің мінсіз өзара әрекеттесуі еліміздің және ТМД-ның коммерциялық банктері арасындағы ең кең тараған сату арналары мен банкоматтары желісінде қолма-қол ақшаны басқару бойынша үздік нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Біз халықаралық сарапшылар кеңесіне Halyk тобының тиімді қызметін бағалағаны үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл Топ командасының клиенттердің, серіктестердің, акционерлер мен сарапшылар қауымдастығының игілігі үшін жоғары нәтижелерге бағытталған табысты қызметінің тағы бір дәлелі», - деп Банк Басқармасы Төрағасының орынбасары Жаннат Сатубалдина атап өтті. 

***

Global Business Outlook Awards – Global Business Outlook іскерлік басылымы ұйымдастырған жыл сайынғы халықаралық марапат, ол әлем бойынша экономиканың барлық салаларында компаниялар үшін мемлекеттік секторда, сонымен қатар жеке секторда да бизнес қызметтегі табыстарды атап өтеді. 


Global Business Outlook – халықаралық банк ісі, сақтандыру, брокерлік қызмет, исламдық қаржыландыру, хедж-қорлар, энергетика, қонақүй бизнесі және озық технологиялар саласында шынайы, егжей-тегжейлі және өзекті ақпаратты ұсынатын халықаралық ақпараттық басылым.


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ клиенттер базасы мен таралу желісі ең үлкен болатын Қазақстандағы ең ірі қаржы тобы әрі жетекші бөлшек сауда банкі болып табылады. Банк өзінің бөлшек сауда клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиентеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын (сақтандыру, лизинг бойынша қызметтерді және активтерді басқару қызметтерін) ұсынуда. Сонымен бірге Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда іске асырады.



«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kzwww.halykbank.kz