Баспасөз орталығы

Global Business Outlook» «Цифрлық түрлендірудің үздік бастамасы - Go Digital» номинациясында жеңімпазды анықтады

11.03.2020

2020 жылғы 11 наурыз, Алматы - «Global Business Outlook» беделді халықаралық басылымы (www.globalbusinessoutlook.com) жетекші халықаралық банктердің жыл сайынғы егжей-тегжейлі іріктеу нәтижелері бойынша Halyk Bank-ті «Best Digital Transformation Initiative – Go Digital» («Цифрлық түрлендірудің үздік бастамасы - Go Digital»номинациясында жеңімпаз деп таныды


Halyk Bank қазіргі уақытта өзінің Go Digital цифрлық стратегиясын белсенді жүзеге асыруда, ол заңды және жеке тұлғаларға арналған қолданыстағы интернет банккингті дамытып, эквайринг нарығында мықты позицияларға ие, Homebank Pay (NFC  модулімен жабдықталған Android-смартфон арқылы), VISA Scan&Pay технологиясына негізделген және Halyk Bank/Qazkom карталары бойынша тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлеу үшін QR-кодтарды пайдаланатын QR төлем сервисі, Apple Paу мен Samsung Pay және тағы басқалар секілді жаңа өнімдер мен сервистерді енгізді.


«Біз Go Digital цифрлық стратегияны жүзеге асыру аясында инновациялық сервистерді дамыту бойынша Halyk Bank-тің еңбегін халықаралық сарапшылар жоғары бағалағанына қуаныштымыз», - деп Halyk Bank Басқарма Төрағасының орынбасары Асқар СМАҒҰЛОВ атап өтті, - «Өйткені нарыққа жаңа қызметтерді ұсына отырып, біз цифрландырудың басты міндетін – Банктің барлық клиенттерінің қаржылық қызметтерге тез және ыңғайлы қол жеткізуін қамтамасыз етуді басшылыққа аламыз. Жоғарыда аталған қызметтерге қоса, қазіргі уақытта, атап айтқанда, біз интернет-дүкендері иелеріне арналған жетілдірілген E-pay төлем сервисін енгізу бойынша жұмыс атқарудамыз. Стационарлық сату орындарға ие коммерсанттар үшін жақын персективада кассалық есеп пен фискалдық деректер операторын қамтитын Android POS құрылғысы, сондай-ақ NFC-модулі бар Android базасындағы смартфонды қосымша жабдықты пайдаланусыз толық жарамды POS-терминалға айналдыратын Tap to Phone технологиясы түріндегі жаңа мүмкіндіктер ұсынылады».

***

Global Business Outlook Awards – Global Business Outlook іскерлік басылымы ұйымдастырған жыл сайынғы халықаралық марапат, ол әлем бойынша экономиканың барлық салаларында компаниялар үшін мемлекеттік секторда, сонымен қатар жеке секторда да бизнес қызметтегі табыстарды атап өтеді.

 

Global Business Outlook – халықаралық банк ісі, сақтандыру, брокерлік қызмет, исламдық қаржыландыру, хедж-қорлар, энергетика, қонақүй бизнесі және озық технологиялар саласында шынайы, егжей-тегжейлі және өзекті ақпаратты ұсынатын халықаралық ақпараттық басылым.


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ клиенттер базасы мен таралу желісі ең үлкен болатын Қазақстандағы ең ірі қаржы тобы әрі жетекші бөлшек сауда банкі болып табылады. Банк өзінің бөлшек сауда клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиентеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын (сақтандыру, лизинг бойынша қызметтерді және активтерді басқару қызметтерін) ұсынуда. Сонымен бірге Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда іске асырады.

 

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

 тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz