Баспасөз орталығы

Екінші деңгейлі банктер активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау (AQR) нәтижелері Halyk Bank-тің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығын растады

28.02.2020

Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ, бұдан әрі – Банк) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бастамашы болған активтер сапасын бағалаудан (AQR), сенімді түрде өтті.   

 

Ұлттық Банк ұсынған AQR нәтижелері Банк активтерінің сапасын растады.  Бағалауда қолданылған әдістердің консерватизмі жоғары болғанына қарамастан, алынған нәтижелер Банктің капитал жеткілігіне және қаржылық қорытындыларына әсерін тигізбейді.   

AQR нәтижелері Halyk Bank-тің өсу және даму стратегиясының дұрыстығын тағы да растады, ол қаржы институттың Қазақстанның банк нарығындағы позицияларын өз клиенттері үшін сенімді және мықты серіктес ретінде әділ көрсетеді.

Сонымен қатар халықаралық рейтингтер де баланс сапасы бойынша Банктің позициясын жоғары бағалайды. 2019 жылғы 4 желтоқсанда Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Halyk Bank-тің ұзақ мерзімді эмитент дефолты рейтингісін («ЭДР») позитивті болжаммен «BB» деңгейінен «BB+» деңгейіне дейін көтерді.  Сондай-ақ Банктің қаржылық тұрақтылығы рейтингісі де «bb+» (Viability Rating) деңгейіне дейін көтерілді, ол Қазақстанның банк секторындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Қаржылық тұрақтылық рейтингісі Банктің сыртқы қолдауды ескерусіз (соло негізде) рейтингісін көрсетеді.

Таза проблемалық активтердің капиталға қатынасының төмендеуі рейтингтің көтерілуіне мүмкіндік туғызды. Рейтинг бойынша жағымды болжам осы проблемалық активтердің капиталға қатынасы бірқалыпты қосымша провизолаудың, капиталды ары қарай ұлғайту және оның ішінде кепілмен қамтамасыз етуді сатудың есебінен проблемалық кредиттерді өтеудің арқасында орта мерзімді персективада бұдан әрі төмендеуі тиіс деген Fitch-тің болжалдарын білдіреді. Рейтинг сонымен қатар мықты нарықтық позицияны, тәуекелдерге қатысты консервативті саясатты, Банктің мықты басқарушы командасын, сондай-ақ активтердің сапалы құрылымын білдіреді.


***

Halyk Bank («Қазақстан Халық Банкі» АҚ) клиенттер базасы мен таралу желісі ең үлкен болатын Қазақстандағы ең ірі қаржы тобы әрі жетекші бөлшек сауда банкі болып табылады. Банк өзінің бөлшек сауда клиенттеріне, шағын және орта бизнес клиентеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын (сақтандыру, лизинг бойынша қызметтерді және активтерді басқару қызметтерін) ұсынуда. Сонымен бірге Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда іске асырады. Банктің рейтингтері: Moody’s – “Ba1”, Fitch Ratings “BB+” және Standard & Poor's – “BB”.


 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz