Баспасөз орталығы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Талдықорған қ. филиалының атауын ауыстыру туралы

20.02.2020

Алматы, 2020 жылғы 20 ақпан — «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі — Банк) қайта тіркеуге байланысты Талдықорған өңірлік филиалының атауы Талдықорған облыстық филиалы деп өзгертілгені туралы хабарлайды.

Банктің Талдықорған облыстық филиалы бұрыңғы мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, В01Р9К0, Алматы облысы, Талдықорған қ., Каратал ықшам ауданы, 22/1 ғимарат.

Банктің Талдықорған облыстық филиалының отыз екі сату арнасы жұмыс жасайды және де ол ұйымдар үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша шешімдерді, кәсіпкерлерге операциялық қызмет көрсетуді және жалақылық жобаларды сүйемелдеуді қоса, банк қызметтерінің толық ауқымын көрсетеді.


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz