Баспасөз орталығы

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ келісім алғаны туралы хабарлайды

19.02.2020

ОСЫ ХАБАРЛАМА МҰНДАЙ ХАБАРЛАМАНЫ ТАРАТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЮРИСДИКЦИЯДА ОРНАЛАСҚАН НЕМЕСЕ ТҰРАТЫН ҚАНДАЙ ДА БІР ТҰЛҒАЛАРҒА ТАРАТЫЛМАУЫ ТИІС. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі - Эмитент) төмендегі кестеде нақты сипатталан өтелмеген Ноталарға қатысты келісім алғаны туралы хабарлайды (төменде көрсетілген серияның әрқайсысы «Серия» деп аталады және екі Серияның барлық өтелмеген Ноталары «Ноталар» деп аталады) 

 

Ноталардың сипаттамасы 

ISIN / Жалпы код / CUSIP (144A Қағидаға сәйкес 2021 жылы өтелетін ноталар) 

Шығарылым сомасы 

Ноталардың өтелмеген сомасы 

Келісім бергені үшін сыйақы* 

500 000 000 АҚШ доллары мөлшерінде, 7.25% пайыздық мөлшерлемесімен, өтеу мерзімі 2021 жылы болатын  Ноталар (бұдан әрі – «2021 жылы өтелетін Ноталар») 

 

S Ережесі: XS0583796973 / 058379697 

 

144A Қағидасы: US46627JAB08 / 058444251 / 46627JAB0 

500,000,000 АҚШ доллары 

500,000,000 АҚШ доллары 

Біліктілік Ноталардың номиналдық құнынан 0,25% пайыз (Меморандумда анықталғандай)  

750 000 000 АҚШ доллары мөлшерінде, 5.50% пайыздық мөлшерлемесімен, өтеу мерзімі 2022 жылы болатын  Ноталар (бұдан әрі – «2022 жылы өтелетін Ноталар») 

 

S Ережесі: XS0867478124 / 086747812 

 

144A Қағидасы: XS0867573890 / 086757389 

750,000,000 АҚШ доллары 

548,012,457 АҚШ доллары 

Біліктілік Ноталардың номиналдық құнынан 0,25%  пайыз (Меморандумда анықталғандай) 

* келісім бергені үшін Есептесу күні Ноталар ұстаушысына әрбір Ноталар Сериясына қатысты төленетін қолданылатын Сыйақы (Меморандум талаптарына сәйкес). 

Шолу 

Эмитент бүгін Ноталарды ұстаушылардың жиналыстарында (бұдан әрі – «Жиналыстар») (i) 2021 жылы өтелетін Ноталардың талаптарын (бұдан әрі – «2021 жылы өтелетін Ноталардың талаптары») және (ii) 2022 жылы өтелетін Ноталардың талаптарын (бұдан әрі – «2022 жылы өтелетін Ноталардың талаптары» деп және де 2021 жылы өтелетін Ноталардың талаптарымен бірге «Талаптар» деп аталады) орындау үшін талап етілетін, барлығы 2020 ж. ақпандағыц Келісім алу жөнінде ұсыныс туралы меморандумда (бұдан әрі – «Меморандум») нақты сипатталған белгілі бір келісімдерге және өзгерістерге (бұдан әрі – «Келісімдер және өзгерістер») қатысты қарау мақсатында және, егер ол орынды болса, Кезектен тыс шешімдерді (бұдан әрі – «Кезектен тыс шешімдер») қабылдау мақсатында өтелмеген Ноталардың бенефициарлық ұстаушыларынан (бұдан әрі – «Ноталарды ұстаушылар») дауыс беруге қатысатын (бұдан әрі – «Келісім алу туралы ұсыныс») сенімді тұлғалардың есімдерін алу үшін жиналыстар өткізу туралы хабарламаларды (бұдан әрі – «Жиналыстар туралы хабарламалар») ұсынды (бұдан әрі - «Ұсыныс»).  

 

Ұсынысқа сәйкес және, Эмитент мұндай талаптан бас тартқан жағдайды қоспағанда, Күшіне ену күнінен кейін барлық Кезектен тыс шешімдер қабылданған және күшіне енген жағдайда («Шамаланған кестені» төменде қараңыз), белгіленген тәртіпте Келісім алу туралы ұсынысқа сәйкес Ұсынысты қолдап дауыс беретін Ноталарды Ұстаушылар Есептесі күнінде келісім бергені үшін тиісті 


 

Сыйақы алуға құқығына ие болады («Келісім бергені үшін Сыйақы» төменде қараңыз). Ноталарды Ұстаушыларға келісімдерді және онымен байланысты барлық рәсімдерді алуға Келісім алу туралы ұсыныстың барлық талаптары тізімі ретінде осы хабарламадағы бас әріптен көрсетілген терминдердің түсіндірмесі үшін Меморандумға жүгіну ұсынылады.  

 

«Линклейтерс» ЖШС, One Silk Street көшесі, Лондон, EC2Y 8HQ, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі мекенжайы бойынша өтетін және Ұсынысты бекітуге және оны іске асыруға арналған Кезектен тыс шешімдер қаралатын және, егер бұл орынды деп саналған болса, қабылданатын Жиналыс туралы әрбір хабарлама тиісті Талаптарға сәйкес жарияланады. 

 

Бірінші жиналыс (2021 жылы өтелетін Ноталарға қатысты) 2020 жылғы 12 наурызда таңғы сағат 10:00де (Лондон уақыты бойынша) басталады, ал 2022 жылы өтелетін Ноталарға қатысты екінші жиналыс 2020 жылғы 12 наурызда таңғы сағат 10:15-те (Лондон уақыты бойынша) басталады.  

 

Ұсыныстың алғышарттары мен негіздемесі  

 

Осы Меморандумның осі бөлімінде немесе мәтінінің басқа жерінде қолданылатын, бірақ анықталмаған, бас әріптен берілген терминдер Талаптарда немесе Сенімгердікпен басқару туралы шарттарда оларға берілген мәнге ие болады. 

Кіріспе 

Эмитент 2011 жылғы 28 қаңтарда пайыздық мөлшерлемесі 7,25% және өтеу мерзімі 2021 жылы болатын 500 000 000 АҚШ доллары мөлшерінде Ноталар (бұдан әрі - «2021 жылғы Ноталар») шығарды, олардың ішінде қазіргі уақытта 500 000 000 АҚШ доллары сомасындағы Ноталар айналымда болуда. 2021 жылғы Ноталар Эмитент және 2021 жылғы Ноталарды Сенімгерлікпен басқарушы арасында Сенімгерлікпен басқару туралы 2021 жылғы 28 қаңтардағы шартта құрылған. 

2012 жылғы 21 желтоқсанда «БТА Банк» АҚ (бұдан әрі - «БТА») пайыздық мөлшерлемесі 5,50% және өтеу мерзімі 2022 жылға дейін болатын 750 000 000 АҚШ доллары мөлшерінде Ноталар (бұдан әрі - «2022 жылғы Ноталар») және де 2021 жылғы Ноталармен бірге «Ноталар» деп аталады) шығарды, олардың ішінде қазіргі уақытта 548 012 457 АҚШ доллары сомасындағы Ноталар айналымда болуда. 2022 жылғы Ноталар ВТА және 2021 жылғы Ноталарды Сенімгерлікпен басқарушы арасында 2012 жылғы 21 желтоқсандағы сенімхат (бұдан әрі - «Сенімгерлікпен басқару туралы бастапқы шарт») негізінде құрылды. БТА банктің 2022 жылғы Ноталар бойынша міндеттемелері Сенімгерлікпен басқару туралы бастапқы шартты толықтыратын сенімгерлікпен басқару туралы бірінші қосымша шартқа сәйкес 2014 жылғы 14 қарашада «Казкоммерцбанк» АҚ-қа (бұдан әрі - «ККБ») берілді және де кейінінен 2018 жылғы 27 шілдеде бірігуден кейін ККБ-дан Эмитентке берілді. 

Эмитент осы арқылы (i) Ковенанттарды Эмитенттің ағымдағы дивидендтік саясатына сәйкестікке келтіру үшін 2021 жылғы Ноталардың талаптарында және 2022 жылғы Ноталардың талаптарында (сәйкесінше5.2-Талап және 5 (с)-Талап) «Дивидендтер төлеуге шектеулер» ковенантына («2021 жылғы Ковенант» және «2022 жылғы Ковенант», ал бірге - «Ковенанттар») белгілі бір түзетулер енгізуді және (ii) 2022 жылғы Ноталардың талаптарында «Әділ нарықтық құны» анықтамасын 2021 жылғы Ноталардың Талаптарындағы тиісті анықтамаға сәйкес келетіндей етіп, Ұсыныста көрсетілгендей өзгертуді ұсынады.  

Ұсыныс 

(1) Дивидндтер төлеуге шектеу бойынша ковенанттар (2021 жылғы Ноталар және 2022 жылғы Ноталар)  

Эмитенттің дивидендттік саясаты 2019 жылғы 24 маусымда жарияланған, оның жаңартылған дивиденддік саясатында көрсетілген1. Осы саясаттың 3-тарауының 4-тармағы мыналарды көздейді:  

                                                     

 1 Пресс-релиз Эмитента от 24 июня 2019 года «О внесении изменений в дивидендную политику Банка» https://www.londonstockexchange.com/exchange/news/market-news/market-news-detail/HSBK/14122393.html  


 

«Жалпы жиналыстың қарауына ұсыну қажет дивидендттер мөлшерін анықтағанда (бір жай акцияға бір дивиденд), Бантің Директорлар кеңесі Банктің меншікті капиталы туралы мәселені қарауы тиіс, сонымен қарат жай акциялар бойынша дивидендттерді төлеуге қолданылатын сома Банктің аудиттелген шоғырандырылған қаржылық есептілігіне сәйкес есепті кезең үшін жалпы таза табыстың 50%-ынан 100%-на дейі құрауы туралы алдын ала талапқа негізделуі қажет. Дивидендттерді төлеуді қамтамасыз ету үшін Банк еншілес ұйымдардан алған дивидендттерді төлеуден ақша ресурстарын Банк қосымша пайдаланады». 

Жариыя етілген дивидендтік саясатқа қосымша Эмитент дивидендтер төлеу коэффициентін анықтағанда, Қазақстан заңнамасына сәйкес дивидендттерді төлеуге шектеу бойынша ковенант сияқты қайсыбір басқа деректерді және Эмитенттің үшінші тұлғалар алдында басқа да шарттық міндеттемелерін, сондай-ақ халықаралық кредиттік рейтингтерді және капитал жеткіліктілігі коэффициенттерін қолдап тұруды ескереді. 

Қазіргі уақытта оған қатысты дивидиендтер төлеу Эмитентке қатысты дивидендттерді және Эмитенттің оған байланысты дивидендттер төленген таза табысының 50%-нан асатын өзге үлестірулерді төлеуге шектеу бойынша ковенант әрекет етеді. Ковенанттар ережелерін жаңартылған дивидендттік саясатқа сәйкесікке келтіру мақсатында Эмитент оған байланысты дивидендттер төленген немесе үлестіру орындалған кезең үшін Эмитенттің таза табысының 100%-на төлеуге мүмкіндік беретін Ковенанттарға түзетулер енгізуді ұсынады. Эмитент сондай-ақ, таза табысты есептеу Эмитенттің және оның шоғырландырылған компанияларының аудиттелген шоғырландырылан қаржы есептіліке негізделетіні туралы нақтылау енгізуді ұсынады.  

Одна бөлек, Ковенантқа сәйкес қазіргі уақытта Эмитентке кез келген күнтізбелік жылдың ішінде бір реттен артық капиталға қатысты қандай да бір басқа үлестірулер жүргізуге тыйым салынады (өтеу, сатып алу арқылы немесе өзге де жолмен). Қазіргі уақытта мұндай мүмкіндіктер немесе талаптар пайда болғанда ғана немесе Эмитенттің меншікті капиталына байланысты қызметті жүзеге асыру шеңберінде, бұл жағдай бір жылдың ішінде акцияларды өтеуді және сатып алуды жүзеге асыру бойынша Эмитенттің қабілетін шектейді, Сондықтан Эмитент мұндай өзге үлестурілерді бір жылда бір реттен артық емес жүргізу қабілетіне байланысты ковенантты алып тастауды ұсынады. Алайда, бұл Эмитенттің оларға қатысты бұрынғыдағыдай, дивидендттерді бір жылда бір реттен артық емес төлеуді көздейтін Ковенант әрекет ететін дивидендттерді төлеу жиілігіне ықпал етпейді. Сонымен қатар Эмитенттің жарғылық капиталға қатысты өзге үлестірулерді өтеу, сатып алу және басқа да жолмен жүзеге асыру қабілеті қандай да бір дивидендттерді төлеулермен қоса, оған қатысты дивидендтер төленіп қойған немесе үлестіру жүргіқзілетін кезеңге қатысты Эмитенттің және оның шоғырландырылған Еншілес компанияларының шоғырландырылған таза табысының 100 % деңгейінде Ковенант әрекет ететін болады  (осы Ұсыныс арқылы енгізілетін түзетулерге сәйкес).  

(2) Берлігі бір мәмілелерді жүргізуге шектеу бойынша ковенант – «Әділ нарықтық құны» анықтамасы - (2022 жылға Ноталарға ғана қатысты) 

Өзінің түрлі борыштық бағалы қағаздары талаптарын оңтайландыру және өзінің міндеттемелерін күнделікті басаруды жеңілдету мақсатында Эмитент 2022 жылғы Ноталардың талаптарында «Әділ нарықтық құны» анықтамасын 2021 жылғы Ноталардың талаптарындағы ұқсас анықтамамен сәйкестікке келтіру ниеті бар, 2022 жылы Ноталардың Сенмгерлікпен басарушысы мұндай анықтаманы талап ететін болса, оның нәтижесінде 2020 жылғы Ноталар талаптарында 5(b)-Талабының (Белгілі бір мәмілелерге шектеу бойынша ковенант) мақсаттары үшін Әділ нарықтық құнын анықтауды Эмитенттің аудиторлары немесе басқа тәуелсіз халықаралық Бағалаушы жүргізеді. 

 

Ұсыныстың түйіндемесі Төменде Ұсыныстың мәні болып табылатын негізгі өзгерістердің қысқаша мазмұндамасы келтірілген. Ол барлық өзгерістерді толық сипаттау үшін арналмаған және Ноталардың иелері Ұсынысты Меморандумның "Келісім алу талаптары - Жалпы ережелер" бөлімінде көрсетілгендей толық көлемде мұқият қарауы тиіс. Дивидендтерді төлеуге шектеу бойынша ковенант (2021 жылғы Ноталар және 2022 жылғы Ноталар)  


 

 

 Келесілердің әрқайсысы: 2021 жылы өтелетін Ноталар Талаптарының 5.2-талабы (Дивидендтерді төлеуге шектеу) және 2022 жылы өтелетін Ноталар Талаптарының 5(с) талабы (Дивидендтерді төлеуге шектеу) (i) ҚЕХС бойынша таза пайда шегі 50%-дан 100%-ға дейін ұлғайатындай етіп өзгертілетін болады; (іі) мұндай шек Эмитенттің және оның ҚЕХС бойынша шоғырландырылған еншілес компанияларының тиісті кезеңдегі таза пайдасын негізге ала отырып есептелген және (ііі) дивидендтерді (ақшалай түрде немесе өзге түрде) және басқа да төлемдерді төлеу жиілігі бойынша шектеулер (өтеу, сатып алу жолымен немесе басқаша түрде болсын) енді тек дивидендтерді төлеуге (ақшалай түрде немесе өзге түрде) қолданылған.  

 

Кейбір мәмілелерді шектеу бойынша ковенант – «Әділ нарықтық құнды» анықтау – (2022 жылғы Ноталарға ғана қатысты) 

 

 2022 жылы өтелетін Ноталар Талаптарында «Әділ нарықтық құнды» анықтау, 2022 жылы өтелетін Ноталар Талаптарының   5 (b) (Кейбір мәмілелер бойынша шектеулер) талаптары мақсаттары үшін Әділ нарықтық құнды Эмитенттің Аудиторлары немесе халықаралық беделі бар басқа да тәуелсіз бағалаушы анықтайтындай етіп  2021 жылы өтелетін Ноталар Талаптарында берілген тиісті анықтамаға сәйкес келтірілетін болады, егер 2022 жылы өтелетін Ноталарды Сенімгер басқарушы  осындай анықтауды орындауды талап ететін болса.  

 

Келісім бергені үшін сыйақы 

 

Мән-жайларға байланысты келісім беруді аяқтаудың ең ерте мерзімінен кешіктірмей тиісті Кепілдік агенті алған тиісті Кезектен тыс шешімнің пайдасына дауыс беру үшін Электрондық тапсырма немесе белгіленген тәртіпте қосалқы сенімхат бойынша Дауыс беру нысанын берген және дауыс беру үшін өздерінің Электрондық тапсырмасын немесе қосалқы сенімхат бойынша Дауыс беру нысанын қайтарып алмаған Нота иелері мән-жайларға байланысты, белгіленген тәртіп мәні болып табылатын барлық Кезектен тыс шешімдерді қабылдаған және талаптарына сәйкес күшіне енген және Күшіне ену күні туындаған қарай Нота Ұстаушыларға төленуге жатпайды (егер Эмитент мұндай талаптың күшін жоймаса).   

 

Егер Эмитент мұндай талаптан бас тартпаса, келісім бергені үшін тиісті Сыйақы екі Серияға да жататын барлық Кезектен тыс шешімдерді қабылдаған жағдайда ғана Нота Ұстаушылардың тиісті Кезектен тыс шешімді мақұлдағаны үшін сыйақы ретінде төленеді. Егер Эмитент мұндай талаптан бас тартпаса, келісім бергені үшін Сыйақы, егер қандай да бір Кезектен тыс шешімдердің бірі тиісті Жиналыста белгіленген тәртіпте қабылданбаған жағдайда немесе Кейінге қалдырылған Жиналыстағы мән-жайларға қарай қалған Кезектен тыс Шешімдер тиісті Жиналыста белгіленген тәртіпте қабылданғанына қарамастан немесе Кейінге қалдырылған Жиналыстағы мән-жайларға қарай Нота Ұстаушыларға төленуге жатпайды.   

 

Егер Эмитент пен тиісті Сенімгерлік басқарушы шамаланған Сенімгерлік басқару туралы Қосымша шарт бекітіп, қандай да біреуін табыстаса, келісім бергені үшін тиісті Сыйақы Нота Ұстаушылардың тиісті Кезектен тыс шешімді тиісті мақұлдағаны үшін сыйақы ретінде төленеді.    

Тапсырмаларды қайтарып алу 

Мән-жайларға байланысты дауыс беру үшін Электрондық тапсырма немесе қосалқы сенімхат бойынша Дауыс беру нысанын берген Нота иелері тек келесі жағдайларда ғана: (і) егер мұны заңнама талап етсе немесе бұл тиісті Сенімгерлік басқару туралы шартпен көзделсе (мән-жайларға байланысты); немесе (іі) егер Эмитент кез келген өзгеріс немесе түзету (Жиналыс өткізу туралы хабарламаның тиісті кезеңі ішінде енгізілмейтін тиісті Кезектен тыс шешімдегі кез келген маңызды өзгерістерді немесе түзетулерді қоспағанда) Меморандумда толығырақ баяндалған Ұсыныстар мен Келісім алу туралы ұсыныстар бастапқы талаптарымен салыстырғанда Нота Ұстаушыларға елеулі зиян келтіреді деп санаса, мұндай тапсырманы қайтарып алуға құқылы. 

 


 

Шамаланған кесте (Жиналыс кейінге қалдырылмаған жағдайда) 

Оқиға   

Күні және уақыты  

 

Ашылу күні/Келісім алу жөнінде ұсыныс туралы хабарландыру  

Клирингтік жүйелер арқылы әрбір Серияның Нота Ұстаушыларына жіберілетін Келісім алу жөнінде ұсыныс туралы хабарландыру және Жиналыс өткізу туралы әрбір хабарлама. 

Меморандум Нота Ұстаушыларға Табуляция жөнінде Агенті арқылы беріледі (тегін). 

  2020 ж. 19 ақпан 

Тіркеу күні 

Ноталарға қатысты DTC-да тіркеу күні. Тек DTC Тікелей қатысушылары осы уақытта және осы күні қосалқы сенімхат бойынша Дауыс беру нысандарын беруге құқылы болады. 

 2020 ж. 2 наурызда 17:00 (шығыс уақыты бойынша) / 22:00 (Лондон уақыты бойынша)   

 

Келісімді ұсыну үшін ең ерте мерзімі және келісімді ұсынудың ең ерте күні  

Келісімді ұсыну үшін тиісті Сыйақы алу құқығына ие болу үшін Табуляция жөнінде агенттің тиісті Кезектен тыс шешімінің пайдасына дауыс беру үшін электрондық тапсырмаларды немесе қосалқы сенімхат бойынша дауыс беру нысандарын жеткізу немесе жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ноталарды ұстаушыларға берілетін ең соңғы мерзім. 

 2020 ж. 3 наурызда 17:00 (шығыс уақыты бойынша)/ 22:00 (Лондон уақыты бойынша)  

Келісімді ұсыну үшін түпкілікті мерзімі және келісімді ұсынудың соңғы күні  

Дауыс беруге қатысу құқығына ие болу үшін, бірақ Келісімді ұсыну үшін Сыйақы алмай-ақ, Табуляция жөнінде агенттің тиісті Кезектен тыс шешімінің пайдасына дауыс беру үшін электрондық тапсырмаларды немесе қосалқы сенімхат бойынша дауыс беру нысандарын жеткізу немесе жеткізуді қамтамасыз ету үшін Ноталарды ұстаушыларға берілетін ең соңғы мерзім.  

Тиісті Жиналыста және қолданылатын Кезектен тыс шешімге қатысты дауыс беруде қатысу үшін сенімді тұлға ретінде Кепілдікті агентті (немесе оның кандидатын) тағайындаудың немесе Сенімгерлікпен басқару туралы тиісті Шарттың ережелеріне және Жиналыс өткізу туралы тиісті Хабарламаға сәйкес қатысу және дауыс беру үшін басқа сенімді тұлғаны тағайындаудың Ноталарды ұстаушылар үшін ең соңғы мерзімі. 

 2020 ж. 10 наурызда 11:00 (шығыс уақыты бойынша) / 16:00. (Лондон уақыты бойынша) [●] 2020 г.   

Жиналыстар өтетін күн   2020 ж. 12 наурыз 

Нәтижелерді жариялау 

Нәтижелерді Клирингтік жүйелерде жариялау немесе жағдайларға байланысты, Жиналыстарды жылжыту туралы хабарлау. 

 2020 ж. 12 наурыз, Жиналыстар өткеннен кейін ең қысқа мерзімде  


 

Күшіне енген күн 

Егер барлық Кезектен тыс шешімдер қабылданатын болса, жиналыстарды жылжытпай-ақ, Сенімгерлікпен басқару туралы болжамды Қосымша Шарттардың барлығына қол қойылатын және табысталатын және күшіне енетін күн. 

 Кезектен тыс шешімдердің барлығы қабылданған соң 2 күннен кеш емес  

 

Есептесу күні  шамамен 2020 ж. 16 наурыз 

Келісімді бергені үшін Сыйақы төлеу.   

Келісім берген үшін Сыйақы төлеу 

 

Эмитент қолданыстағы заңнамаға сәйкес Тікелей қатысушыларға беру үшін Клирингтік жүйелерге хабарламаларды табыстау жолымен және (і) RNS (2021 ж. өтелетін Ноталар жағдайында) арқылы, (іі) FNS (2022 ж. өтелетін Ноталар жағдайында) арқылы және (ііі) Қазақстан Қор биржасының (KASE) вебсайты арқылы Келісім алу туралы ұсынысқа байланысты хабарландыру жасайды (немесе болуын қамтамасыз етеді). Барлық хабарландырудың, хабарламаның және баспасөз релизінің көшірмелерін, сондай-ақ Агенттен Табуляция бойынша оның төменде көрсетілген мекенжайынан, сонымен қатар телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады. Клирингтік жүйелерге жеткізілетін хабарламаларға қатысты іркілістер болуы мүмкін, сондықтан Нота Ұстаушыларға аталған мақсаттар үшін байланыс деректері төменде көрсетілген Келісім алу жөнінде Агентпен немесе Келісім алу туралы ұсыныс барысында тиісті хабарландырулар алу үшін Табуляция жөнінде Агентпен байланысу міндетті ұсынылады. 

 

 Келісім алу жөнінде Агент 

 

Ұcыныс талаптарына немесе Келісім алу туралы ұсынысқа қатысты кез келген тұлғаның кез келген сұрақтары Келісім алу жөнінде Агентке төменде көрсетілген мекенжайына, сонымен қатар телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы жіберілуі мүмкін: 

 

КЕЛІСІМ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ АГЕНТ CITIGROUP GLOBAL MARKETS LIMITED Citigroup Centre Canada Square London E14 5LB United Kingdom 

 

Назар аударыңыз: Liability Management Group Тел: +44 20 7986 8969 Email: liabilitymanagement.europe@citi.com 

 

 

Кепіл Агенті Ноталарды ұстаушылар Меморандумның, Жиналыстар өткізу туралы Хабарламалардың және Кепіл Агентінен Келісім алу рәсімі шеңберінде кез келген хабарландырулардың көшірмелерін ала алады: 

 

ТАБУЛЯЦИЯ ЖӨНІНДЕ АГЕНТІ CITIBANK, N. A., LONDON BRANCH Citigroup Centre Canada Square Canary Wharf London E14 5LB United Kingdom 

 

Телефон арқылы: +44 20 7508 3867 Эл. пошта арқылы: Citiexchanges@citi.com 

 

 

 

 

 

 


 

Келісім алу жөніндегі Агент те, Табуляция жөнінде Агенті де, Сенім білдірілген меншік иелері (Меморандумда анықталғандай) немесе Эмитент осы хабарландырудың мазмұны үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды, сондай-ақ Эмитент те, Келісім алу жөніндегі Агент те, Табуляция жөнінде агент те, Сенім білдірілген меншік иелері  де немесе олардың қандай да бір тиісті директорларының, лауазым тұлғаларының, қызметкерлерінің немесе үлестес тұлғаларының біреуі, Келісім алу туралы ұсынысқа қатысты қандай да бір растама жасамайды немесе қандай да бір пікірін білдірмейді немесе Ноталар Ұстаушылар Келісім алу туралы ұсыныста қатысуға немесе тиісті Кезектен тыс шешімнің пайдасына немесе қарсы дауыс беруге тиіс пе деген қандай да бір ұсыным бермейді. Бұл хабарландыруды Меморандуммен бірге оқыған жөн. Бұл хабарландыру мен Меморандумда Келісім алу туралы ұсынысқа қатысты қандай да бір шешім қабылдамас бұрын мұқият зерделенуі қажет маңызды ақпарат бар. Егер қандай да бір Нота Ұстаушысында ол қабылдауы тиіс ісәрекеттерге қатысты қандай да бір күмән туындаса, кеңес алу үшін, оның ішінде кез келген салық салдарына қатысты өзінің брокеріне, банк менеджеріне, адвокатына, бухгалтеріне немесе басқа да тәуелсіз консультантқа жүгіну ұсынылады. 

 

Біріккен Корольдіктің аумағында бұл хабарландыру 2000 жылғы Қаржы қызметтері мен рыноктары туралы Заңның 19(5) бабына сәйкес (Қаржы кредиттік құралдарын жылжыту), 2005 бұйрық («тиісті тұлғалар») «инвестициялар саласындағы мамандар» анықтамасына жататын инвестицияларға байланысты мәселелерде кәсіби тәжірибесі бар тұлғаларға ғана арналған. Осы хабарландырудың қатысы бар Инвестиция немесе инвестициялық қызмет тек тиісті тұлғалар үшін қолжетімді және тек солармен ғана жүзеге асырылатын болады, ал тиісті тұлғалар болып табылмайтын осы хабарландыруды алған тұлғалар осы хабарландыруда жазылған ақпаратқа сүйенбеуі немесе оған сәйкес әрекет етпеуі тиіс.  

 

Бұл хабарландыру қандай да бір Нотаға қатысты келісімді талап ету болып табылмайды және ондағы немесе одан, қандай да бір юрисдикциядағы немесе қандай да бір юрисдикциядан не осындай шақыруды жіберуге бағалы қағаздар туралы қолданыстағы заңмен тыйым салынған кез келген тұлғаға немесе тұлғадан Келісім алу туралы ұынысқа қатысуға шақыруды білдірмейді. Келісім алу туралы ұсыныс Келісім алу жөнінде ұсыныстың талаптары егжей-тегжейлі жазылған Меморандумға сәйкес ғана беріледі.  

 

Бұл хабарландыруды белгілі бір юрисдикцияларда тарату заңмен шектелуі мүмкін. Билігіне осы хабарландыру келіп түскен тұлғалар кез келген осындай шектеулер туралы білуі және оларды сақтауы тиіс