Баспасөз орталығы

«Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы «Halyk Finance» АҚ, жалпы сомасы 62,5 млрд. теңге айналыс мерзімі 5 жыл, теңгемен деноминацияланған, «Қазақстанның Даму Банкі»

13.02.2020

Halyk Finance Бірлескен Жетекші Менеджер және Букраннер ретінде, ҚДБ жалпы сомасы 3 млрд. АҚШ доллары болатын орта мерзімді ноталар шығару жөніндегі бағдарламасы аясында, жалпы сомасы 62,5 млрд. теңге айналыс мерзімі 5 жылтеңгемен деноминацияланған«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі  ҚДБеурооблигацияларын (бұдан әрі  Еурооблигациялар) шығару және орналастыру бойынша мәмілені сәтті аяқтады, ол бойынша Halyk Finance Бірлескен Ұйымдастырушы және Дилер рөлінде болды.

 

5-ші ақпан күні еврооблигацияларды сатып алуға жаһандық өтінімдер жинау шарасы өтті. Қазақстан Республикасының аумағында өтінімдер жинау инвесторлардың жаһандық өтінімдерін жинаумен бір мезгілде «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – «KASE») жазылу арқылы жүргізілді. Өтінімдер кітабын ашқан кезде өтеуге индикативтік кірістілік жылдық 10,95% – 11,05% диапазонында жарияланды. Жаңа шығарылымның соңғы кірістілігін ҚДБ сол күні өтінім кітабы жабылғаннан кейін көп ұзамай аталған диапазонның төменгі бөлігінде бекітті және (ол) жылдық 10,75% мөлшеріндегі купонмен және 99,245% орналастыру бағасымен жылдық 10,95% құрады. KASE жазылу арқылы жалпы көлемі 18,75 млрд. теңге болатын өз өтінімдерін берген инвесторларға жалпы номиналдық сомасы 15,75 млрд. теңге болатын еурооблигациялар бөлінді, бұл ретте шығарылымның жалпы көлемі 62,5 млрд. теңгені құрады. Еурооблигациялар бойынша есеп айырысулар 2020 жылғы 12 ақпанда жүргізілді.


«ҚДБ Halyk Finance өз мәмілелерін ұйымдастырушы ретінде кезекті рет таңдайтындығын атап өту бізді өте қуантады. Бұл транзакция ҚДБ теңгемен деноминацияланған еурооблигацияларын 3-ші шығарылымы болып табылады, бұл ағымдағы нарықтық жағдайларда тиімді қаржыландыруды тарта отырып, сенімді эмитент ретінде ҚДБ кредиттік тарихын жақсы жалғастыруды растайды, бұл өз кезегінде халықаралық инвесторлық қоғамдастықтың теңгелік құралдарға деген сенімін білдіреді. Осы мәміледе пайдаланылған еурооблигацияларды шығару және орналастыру арқылы бәсекелі теңгелік қаржыландыруды тарту құрылымы ҚДБ қорландыру базасын ұлттық валютада адиверсификациялауға мүмкіндік берді және басқа Қазақстандық эмитенттер үшін тамаша үлгі болады», – деп түсініктеме берді Halyk Finance Басқармасының Төрағасы, Талғат Аюпов.

 

Бұған дейін 2017 жылдың желтоқсанында Halyk Finance, жалпы сомасы 100 млрд. теңге 3 жыл айналым мерзімімен, теңгемен деноминацияланған, ҚДБ дебюттік еурооблигацияларын шығару және орналастыру бойынша Бірлескен Жетекші Менеджер және Букраннер ретінде сәтті әрекет етті.


***


«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қазақстан Республикасының даму институты болып табылады, оның миссиясы (міндетіелдің шикізаттық емес секторына инвестицияларды жүзеге асыру жолымен Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасының тұрақты дамуына жәрдемдесу болып табылады. "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ жалғыз акционері "БәйтерекҰлттық Басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы болып табылады.



"Halyk Finance" АҚ - қаржылық консалтинг пен андеррайтингті, корпоративтік қаржыландыру қызметтерінброкерлік қызметтер мен бағалы қағаздар саудасын, KASE және AIX сауда алаңдарындағы маркет-мейкер қызметтерінинвестициялық портфельді басқарудысондай-ақ тұрақты талдау қызметтерін қоса алғандаинвестициялық-банктік қызметтердің толық кешенін көрсететінҚазақстанның жетекші инвестициялық банкіКомпания Халықаралық кредиттік рейтингке ие болған ("Fitch Ratings" халықаралық рейтинг агенттігінен "BB+" ) Қазақстандағы 1-iншi брокер-дилер болып табылады.

 

 

"Қазақстан Халық Банкі" АҚ Қазақстандағы ең ірі қаржы тобы және клиенттердің кең базасы мен тарату желісі бар жетекші бөлшек банк болып табыладыБанк өзінің бөлшек клиенттерінешағын және орта бизнес клиенттеріне және корпоративтік клиенттеріне қызметтердің толық спектрін (сақтандырулизинг бойынша банктік қызметтерброкерлік және активтерді басқару қызметтеріұсынадыБанк сондай-ақ өз операцияларын РесейдеГрузиядаҚырғызстандаТәжікстанда және Өзбекстанда жүзеге асырадыБанк рейтингтері: Moody 's - "Ba1", Fitch Ratings "BB+" және Standard & Poor' s  "BB".

 

Баспасөз қызметі

"Қазақстан Халық банкі "АҚ

Байланыс. +7 727 259 08 91

www.halykbank.kz

 

Хван Олег 

Қаржылық кеңес беру және андеррайтинг департаментінің директоры

 «Halyk Finance» АҚ

Тел.: +7 727 357 31 77

www.halykfinance.kz