Баспасөз орталығы

Халық Банкі 2019 жылғы тоғыз айдағы қызметінің нәтижелерін жариялады

19.11.2019

2019 жылғы 19 қараша, Алматы – «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі – Банк) 2019 жылғы 9 айдағы қызметінің нәтижелерін жариялады.

«Кетіп бара жатқан күздің ең маңызды оқиғасы - Халық Банк тарихында бірінші рет SPO-ға шығуы (сансыз инвесторлардың капитал нарықтарында ЖДҚ-ны қайта орналастыру). Сарапшылардың пікірі бойынша, бұл орналастыру соңғы бірнеше жылда көлемі бойынша ең ірі мәміле әрі EMEA нарығында өте сапалы ұсыныс болып табылады. GDR-ды орналастыру бойынша мәміле сәтті аяқталды: біз GDR-дың жалпы көлемінен өтімділігін ұлғайту мақсатында 17%-дан 27 %-ға дейін жеттік. Банктің инвесторлық базасы іс жүзінде сапалы инвесторлар – ірі жаһандық және emerging markets қорлар есебінен екі есе кеңейді. Банк қызметінің нәтижелері инвесторларға жақсы әсер етті. Бүгінгі «Халық» инвесторлар үшін ең ірі банк, Қазақстан экономикасындағы ахуалды объективті түрде көрсететін «барометр» болып табылады. Атап айтқанда, инвесторлар Халық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері: капитал өтімділігінің (орташа капиталға қайтару – ROAE), шығындар тиімділігінің (операциялық шығындардың операциялық кірістерге қатынасы Cost-to-Income ratio) және меншікті капитал жеткілігінің  позитивті, жоғары және бірегей комбинациясын атап өтті. Бизнесті әртараптандырудың, дұрыс басқару шешімдерінің, кәсіби команданың, корпоративті басқарудың жоғары нормалары арқасында Халық тұрақтылықтың жоғары дәрежесіне және капиталды түрлендіру қабілетіне ие. 2019 жылдың 9 айында қол жеткізген нәтижелері қаржы институтының мықты позициясы мен «Халық» тобының жүзеге асырылып жатқан даму стратегиясының тиімділігін растайды», - деді Қазақстан Халық банкінің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

Таза кіріс 2018 ж. 9 айдағы 164.0 млрд теңгемен салыстырғанда, 2019 ж. 9 айда 251.4 млрд теңгеге дейін 53.3 %-ға негізінен 2019 ж. 9 айдағы таза пайыздық табыстар есебінен ұлғайды.


Пайыздық кірістер 2018 ж. 9 айындағы 502.6 млрд теңгемен салыстырғанда, 2019 жылғы 9 айда 531.4 млрд теңгеге дейін 5.7%-ға, негізінен пайыздық активтердің орташа қалдықтарының 10.3%-ға өсуі есебінен ұлғайды. Таза пайыздық маржа 2018 ж. 9 айдағы жылдық 4,9%-бен салыстырғанда, 2019 ж. 9 айда жылдық 5,2%-ға дейін ұлғайды.


Клиенттердің заемдары бойынша тәуекелдің құны 2019 ж. 2-тоқсанда ірі проблемалық кредиттер бойынша бір жолғы өтеулерге байланысты 2019 ж. 9 айда 0,6%-ды құрады.

 

Қызметтер мен комиссия бойынша кірістер* 2018 ж. 9 айымен салыстырғанда, негізінен пластик карталар бойынша операциялар бойынша транзакциялық бизнестің, сондай-ақ берілген кепілдіктер мен аккредитивтердің өсіп келе жатқан көлемі нәтижесінде 2019 ж. 9 айда жылдығы 7,2%-ға ұлғайды. 

Бірігуге дейін Банктің және ККБ-ның заңды тұлғаларының ағымдағы шоттары арасындағы аударымдар сыртқы аударым ретінде қаралды, және де оларға тиісті комиссиялар қолданылды. Бірігуден кейін осы ағымдағы шоттар арасындағы аударымдар ішкі аударым болып қаралды, және, сәйкесінше, олар тегін болды. Нәтижесінде банктік аударымдардан – есептік шоттардан алынған комиссиялық кірістер 2018 ж. 9 айымен салыстырғанда, 2019 ж. 9 айда төмендеді. Кассалық операциялар үшін комиссиялардың 2018 ж. 9 айымен салыстырғанда, 2019 ж. 9 айда төмендеуі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі ұлғаюы салдарынан орын алды.


Қызметтер мен комиссия бойынша шығыстар 2018 ж. 9 айымен салыстырғанда, негізінен Банктің эквайрингтік желісінде басқа банктердің карталары бойынша операциялар саны ұлғаюы есебінен 39.6%-ға ұлғайды.


Операциялық кіріс 2018 ж. 9 аймен салыстырғанда, негізінен таза пайыздық кіріс ұлғаюы есебінен 5.5%-ға өсті.

Операциялық шығыстар 2018 ж. 9 аймен салыстырғанда, негізінен 2018 ж. 2-тоқсанда 28.5 млрд теңге мөлшерінде қаржылай емес активтердің құнсыздануынан залалдың есебінен және ККБ-ның Банкке бірігуінен синергетикалық ықпалға байланысты шығындарды оңтайландыру есебінен 2019 ж. 9 айда 27,5%-ға төмендеді.


2019 ж. 9 айда операциялық шығыстардың төмен деңгейіне және операциялық кірістерді жоғары деңгейіне байланысты, операциялық шығыстардың операциялық кіріске қатынасы, 2018 ж. 9 айдағы 33.8%-бен салыстырғанда, 23.2%-ға дейін төмендеді.


* 2019 ж. 1-тоқсанынан бастап төлем карталары бойынша операцияларға байланысты, бұрын кассалық операцияларды және банктік аударымдарда есепке алынатын комиссиялардың бір бөлігі төлем карталары бойынша алынған комиссиялар түрінде беріледі. 2018 ж. 3-тоқсанындағы көрсеткіштер сәйкесінше қайта есептелді.

 

2019 ж. 3-тоқсанда активтер 2018 ж. соңымен салыстырғанда, негізінен РЕПО келісімдері бойынша қазақстандық банктердегі қарыздар ұлғаюы есебінен 0.4%-ға ұлғайды және де 2019 ж. 2-тоқсанмен салыстырғанда, негізінен қазақстандық банктердегі қарыздар мен салымдар (РЕПО келісімдері бойынша қарыздарды қоса) қысқаруы есебінен 0.7%-ға төмендеді.


2019 ж. 2-тоқсанмен салыстырғанда, клиентерге берілетін қарыздар брутто негізде 2.1%-ға және нетто негізде 2.1%-ға өсті. 2019 ж. 3-тоқсанда несиелік портфельдің брутто негізде ұлғаюы корпоративтік портфельдің (брутто негізде 0.8%-ға), ШОБ портфелінің (брутто негізде 4.3%-ға) және бөлшек бизнес портфелінің (брутто негізде 3.9%-ға) ұлғаюына байланысты болды.


2019 ж. 3-тоқсан соңындағы жағдай бойынша Stage 3 коэффициенті негізінен корпоративтік және бөлшек қарыз алушылардың бұрын құнсызданған берешегін өтеу нәтижесінде 2019 ж. 2-тоқсандағы 18.6%-дан 17.9%-ға дейін азайды.


Заңды және жеке тұлғалардың қаражаты 2018 ж. соңымен салыстырғанда, негізінен Банк клиенттерінің ұлттық компаниялардың сыртқы борыштық міндеттемелерін өтеуді қоса алғанда, өздерінің ағымдағы қажеттілігін қаржыландыру үшін ішінара алуы және шетел валютасындағы бөлшек депозиттерінің бір бөлігінің Astana International Exchange-де орналастырылған, АҚШ долларымен номинацияланған облигацияларға ауысуы салдарынан сәйкесінше 3.5%-ға және 6.7%-ға қысқарды. 2019 ж. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша депозиттердің жалпы сомасындағы теңгемен деноминацияланған корпоративтік депозиттердің үлесі 2019 ж. 30 маусымдағы 55.8%-бен салыстырғанда, 49.6%-ды құрады, сонымен қатар депозиттердің жалпы сомасындағы теңгемен деноминацияланған бөлшек депозиттердің үлесі 2019 ж. 2-тоқсан соңындағы 41.8%-бен салыстырғанда, 42.2%-ды құрады.  


Кредиттік мекемелердің қаражаты 2019 ж. 2-тоқсанмен салыстырғанда, негізінен қазақстандық банктердің жоғарырақ мөлшерлеме бойынша орналастыру үшін тартылған қарыздары мен салымдары (РЕПО келісімдері бойынша қарыздарды қоса алғанда) азаюы салдарынан 29,3%-ға төмендеді. 2019 ж. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қаржы институттары алдындағы Банк міндеттемелерінің 90.0%-ы 2014ж.-2017ж. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-тан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-тан және «Қазақстанның даму банкі» АҚ-тан экономиканың жекелеген секторларын қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қазақстандық банктердің қарыздарынан (РЕПО келісімдері бойынша қарыздарды қоса алғанда) құралды.


Шығарылған бағалы қағаздар 2019 ж. 2-тоқсанымен салыстырғанда 1.7%-ға ұлғайды.


Капитал 2019 ж. 2-тоқсанмен салыстырғанда, Банк 2019 ж. 3-тоқсанда алған таза табыстың арқасында 8,8%-ға ұлғайды.


Толық ақпарат https://halykbank.kz/about-bank/investoram сілтемесі бойынша www.halykbank.kz сайтында

 


***


  • Толықтыру

БӨЛШЕК БИЗНЕС, ШОБ, МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ҚАТЫСУ

БӨЛШЕК БИЗНЕС

2019 ж. 1 қазандағы жағдай бойынша Банктің клиенттік базасы 11 млн клиентке жетті, осы ретте ең болмаса, бір өнімді пайдаланатын бірегей белсенді клиенттердің үлесі - 69%, портфельдегі төлем карталар саны - 9 млн бірлік. Банк зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға қызмет көрсету бойынша көш бастап келеді - 2,5 млн. зейнетақы мен жәрдемақы алушы немесе - (немесе Республика бойынша барлық төлемақылар көлемінде нарық бойынша үлесі 70,61%-ды, саны-68,5%-ды құрады)

Банк жеке тұлғалар салымдары нарығында көшбасшы позицияларды ұстап келеді: оның бөлшек депозиттер нарығындағы үлесі 35,08%-ды құрайды (3,1 трлн тг.). Банктің кредиттік портфелі 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша нарықтағы 18,17% үлесімен 1 013,4 млрд тг. құрады.

Өңірлік өкілдіктер желісі көптеген жылдар бойы Қазақстанда ең кең тарағандардың бірі болып табылады. 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ол 24 филиал мен 607 сату арнасын қамтиды. Есепті кезеңнің соңында Банктің төлемдік инфрақұрылымы 4 481 банкомат пен 1 066 төлем терминалдарын (соның ішінде 35 мультикиоскі, 78 247 ПОС-терминалы) қамтиды. 2019 жылғы 3-тоқсанның қорытындылары бойынша Банктің төлем терминалдары желісінде жүргізілген операциялардың жалпы саны 3,8 млн операцияны құрады.

Homebank пайдаланушылары саны 4 068 мың клиентке дейін ұлғайды. 2019 жылғы 3-тоқсанда интернет-банкинг пайдаланушылары 7 млн-нан астам төлемдер мен аударымдар жүргізді.

Банк өзінің карта ұстаушылары үшін ниеттестік бағдарламасын белсенді дамытуда, осылайша 2019 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстандағы және шетелдегі клиенттердің қолдарындағы барлық карталар бойынша, барлық қолма-қол ақшасыз транзакцияларға, физикалық пос-терминалдарда және электрондық коммерциядағы өзінің және бөтен ПОС-терминалдардағы төлемдерге тұрақты 1% бонус белгіленді. Енді клиенттер төлемді қай жерден тиімді өткізу қажет екені туралы ойланбайды – барлық жерде картамен төлеп, тұрақты 1% бонус алады. Тұрақты бонустан бөлек, ниеттестік бағдарламасы серіктестерінің саны 6595 бірлікке жетті, ал клиенттерге Банктен және де серіктестерде есептелген бонустардың жалпы саны 1.2 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар клиенттерге 300 000 теңгеге дейін лимиті бар және бөліп төлеу мерзімі 6 айды құрайтын, клиент үшін комиссиясыз, бөліп төлеу арқылы сатып алу бағдарламасы да қолжетімді, бағдарламаға қатысатын сауда нүктелер саны 7 267 бірлікке жетті.


ШАҒЫН және ОРТА БИЗНЕС (ШОБ)

2019 жылғы 01 қазандағы деректер бойынша, Банк оларға 24 мыңнан астам қарыз берілген, 7 мыңнан астам қарыз алушыларды қоса, 280 мыңнан астам ШОБ клиенттеріне қызмет көрсетеді. ШОБ кредиттік портфелі 527 млрд теңгені құрады, екінші жартыжылдықтан бастап портфельдің өсімі байқалды. Бизнесті қаржыландыру көлемі бойынша Банк қазақстандық нарықтың шамамен 39%-на ие.

Әйелдер кәсіпкерлігін өз қаражаты есебінен кредиттеу үшін Банк 3 млрд теңге бөлді. 2019 жылғы 1 қазандағы ақпарат бойынша, Банк 2,9 млрд теңге сомасына 355 жоба қаржыландырды, қосымша 0,01 млрд  теңге сомасына 2 жоба мақұлданды, қаржыландыру көлемі 0,04 млрд теңгені құрайтын 4 жоба қаралуда.

Банк Onlinebank жүйесі арқылы «Заңды тұлғалар үшін төлемдер 24/7» қызметін және түрлі банк операцияларын жүргізу мүмкіндігін ұсынады, соның ішінде:

  • заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарына заңды тұлғалардың төлемдері;
  • жеке тұлғалардың ағымдағы шоттарына заңды тұлғалардың төлемдері;
  • карта шоттарына заңды тұлғалардың төлемдері;
  • корпоративті карталарға заңды тұлғалардың төлемдері;
  • жалақы төлемдері;
  • өзін-өзі инкассациялау картасынан аударымдар;
  • «ҚТЖ – жүк тасымалдары» АҚ пайдасына төлемдер (бірыңғай дербес шоттарға (БДС) есептеумен төлемдер);
  • ұзақ мерзімді тапсырмалар;
  • заңды тұлғалардың ағымдағы шоттарына жеке тұлғалардан төлемдер алу.


МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ҚАТЫСУ

ШОКС аймақтық қаржыландыру бағдарламасы:

2016 жылдан бастап Халық Банкі мен «Даму» қоры арасында жалпы сомасы 21,7 млрд теңгеге 63 келісім бекітілді, оның ішінде 52 келісім бойынша 17,7 млрд теңге сомасында қаражат игерілді. Қазіргі таңда Халық Банкі бағдарлама бойынша 2018 және 2019 жылдары бөлінген қаражатты бастапқы игеру бойынша жұмысты жалғастырып келеді.


Өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша Даму Өндіріс 2 бағдарламасы:

Мемлекет аталған бағдарламаны іске асыру үшін бөлген 64 млрд. теңгеден Халық Банкі 198,1 млрд. теңге сомасына 4 742 жобаны қаржыландырды (қайтадан игеруді ескергенде). Бөлінген және игерілген қаражат көлемі бойынша Халық Банкі көшбасшы бірінші орынды иеленіп отыр.


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы, 1, 2 және 3 бағыт:

Субсидиялау аясында аталған бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша Халық Банкі портфелінің көлемі 669,5 млрд теңгені құрайтын 3 641 данада қол қойылған субсидиялау шартымен қатысушы банктер арасында сенімді түрде бірінші орынды иеленіп отыр.

Бағдарламаға кепілдік беру аясында Банк, сондай-ақ қазақстандық банктер арасында да қол қойылған кепілдік шарттарының санымен, қор кепілдіктерінің жиынтық көлемімен бірінші орында. Іске қосылған сәттен бастап Халық Банкінің клиенттерімен 1393 кепілдік шартына қол қойылды, бұл кепілдіктің жалпы көлемінен 23,5 % (5928) құрайды, кепілдіктің жалпы көлемінен 20,38 млрд. теңгені немесе 22 % құрайды.


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы:

Аталған Бағдарламаға Банк 2017 жылдан бері қатысып келеді. Бағдарламаға қатысқан уақытта Банкке 10,4 млрд теңге салынды, оның ішінде Банк 8,73 млрд теңгені игеріп үлгерді.



«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 259 0301, +7 727 333 02820 | pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz