Баспасөз орталығы

Мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады

12.11.2019

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ағымдағы жылдың 12 қарашасынан бастап «Электрондық үкімет» порталында Visa компаниясының QR төлемдері платформасында іс-жүзіне асқан  QR-код арқылы төлем қызметі қолжетімді екенін хабарлайды. Қызмет «ҰАТ» АҚ және Halyk Bank-пен («Қазақстан Халық банкі» АҚ) бірлесіп әзірленді.

QR-код арқылы төлем жүргізу үшін бар болғаны:

  • «Электрондық үкімет» веб-порталында қызметке тапсырыс беріп, төлем жүргізу парақшасында «QR-code»-HomeBank таңдау қажет;
  • Homebank мобильді қосымшасында қалыптастырылған кодты сканерлеу керек;
  • төлем жүргізілетін картаны таңдап, қызметке төлем жасау қажет.

Ыңғайлы әрі қауіпсіз Visa QR төлемдері технологиясы мобильді қосымшамен смартфон арқылы қолма-қолсыз операцияларды әп-сәтте жүргізуге мүмкіндік береді және төлем карталарының деректерін енгізуді қажет етпейді.

Сонымен қатар «Электрондық үкімет» порталында төлем картасы, электронды әмиян, мобильді баланс, өтінім-шот арқылы төлем жүргізуге болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның және МО бірыңғай   көлік жүйесінің операторы болып табылады, сондай-ақ орталық және аймақтық МО ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, МО деректер қорында ақпараттың қауіпсіз сақталуына жауап береді. Негізгі қызметі – «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), «Ашық үкімет» (open.egov.kz) порталы, eGov mobile қосымшасы, телеграм бот - @EgovKzBot  2.0, Facebook және ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі чат-бот және ҚР Бірыңғакй байланыс орталығы 1414.

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ нарықта 95 жылдан артық табысты жұмыс жасап келе жатқан және де барлық негізгі көрсеткіштер бойынша елде көшбасшылық ететін Қазақстан Республикасының ең ірі коммерциялық банкі болып табылады. Банк қызметтердің кең ауқымын (банк қызметтері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару, инкассациялау және т.б.) ұсынатын Halyk тобына кіреді. Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, және, жақын уақыттан бері, Өзбекстанда жүзеге асырады. Банктің рейтингтері: Moody’s – “Ba1”, Fitch Ratings және Standard & Poor's – “BB”.

Visa Inc. (NYSE: V) цифрлық төлемдер саласында әлемдік көшбасшы болып табылады. Біздің міндетіміз – тұтынушылардың, бизнес пен экномиканың жоспарлы түрде дамуына мүмкіндік беретін барынша инновациялық, сенімді және қауіпсіз төлем желісі арқылы бүкіл әлемді біріктіру. Біздің VisaNet заманауи ғаламдық технологиялық желі бүкіл әлем бойынша сенімді және қауіпсіз төлемдердің жүргізілуін қамтамасыз етеді және секундына 65 000-нан астам транзакцияларды өңдейді.  Visa компаниясының инновацияларға аса көңіл бөлуі “connected commerce” қызметінің қарқынды өсуінің катализаторы ретінде әрекет етіп, желіге қосылған кез келген құрылғы арқылы төлем жүргізу мүмкіндігін жетілдіре отырып, баршаға және кез келген жерде қолма қол ақшасыз төлем жүргізілетін болашақты жақындатады. Аналогты технологиялардың цифрлық технологияларға ауысу үдерісін қарқынды іске асыру кезеңінде Visa компаниясы өз брендін, өнімдерін, сарапшыларын, желісі мен қамту ауқымын коммерцияны жаңарту үшін қолдануда. Толығырақ ақпаратпен www.corporate.visa.com, www.facebook.com/VisaKazakhstan, www.visa.com.kz сайттарында танысуға болады.


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 727 2 590 301|
pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ
Баспасөз қызметі
+7 701 7646656

Анна Сердюк
Visa корпоративтік коммуникациялар жөніндегі директоры
ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Тел.: +38044 22 00 300
aserdyuk@visa.com