Баспасөз орталығы

Halyk Bank Басқармасында өзгерістер орын алды

29.10.2019

2019 жылғы 29 қазан, Алматы, - «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк, Халық Банкі) Директорлар кеңесінің шешімімен 2019 жылғы 28 қазаннан бастап Банк Басқармасында келесідей өзгерістер орын алды:

  • Банк Басқармасының сандық құрамы 10 (он) адамға дейін ұлғайтылды.
  • Келесі тағайындаулар орын алды:


  • Мамұтов Жұмабек Жарылқасынұлы Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалып, Банк Басқармасы мүшесі болып сайланды. Мамұтов мырзаға Бөлшек бизнес бөлімшелеріне жетекшілік ету жүктелді.
  • Бұдан бұрын осы лауазымда қызмет атқарған Сәлімов Ертай Исмаилұлы Басқарма Төрағасының орынбасары, Астана өңірлік филиалының директоры лауазымына Банк Басқармасы мүшесі ретінде өкілеттіктерін сақтай отырып, ауыстырылды. Оған Ұлттық компанияларға жетекшілік ету тапсырылды.


Ж.Ж. Мамұтов бұдан бұрын «Forte Bank» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «Банк Kassa Nova» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, басқарушы директоры, Басқарма аппаратының атқарушы директоры, Карталар бизнесін дамыту департаментінің атқарушы директоры, Банк карталары департаментінің атқарушы директоры, Басқарма аппаратының Басқарма Төрағасының кеңесшісі, «Казкоммерцбанк» АҚ атқарушы дирекциясының Басқарма Төрағасының кеңесшісі, «Сбербанк» АҚ ЕБ Бөлшек бизнес стратегиясын жоспарлау және орындалуын бақылау басқармасының директоры, Бөлшек бизнес стратегиясын жоспарлау және орындалуын бақылау департаментінің директоры, «Казкоммерцбанк» АҚ Бөлшек бизнес департаментінің директоры, «Казинвестбанк» АҚ эксклюзивті клиенттерімен жұмыс жөнінде департаментінің өңірлік басқармасының және сату басқармасының басшысы, «АБН AMRO Банк Қазақстан» АҚ ЕБ «Заңғар» филиалының директоры, «АБН AMRO Банк Қазақстан» АҚ ЕБ Бөлшек бизнес департаментінің бөлшек бизнес бөлімшесінің басшысы, бизнесті дамыту менеджері,  «АБН AMRO КаспийМұнайГаз Қазақстан» АҚ ЖЗҚ-да Маркетинг департаментінің филиалдармен жұмыс жөнінде маманы лауазымдарында қызмет атқарды.


Е.И. Сәлімов Банкте 1995 жылғы тамыз айынан бастап жұмыс жасайды; Басқарма Төрағасының орынбасары; Бас операциялық директоры; Бас ОПЕРБ басшысы; Қазынашылық департаментінің директоры, директорының орынбасары, Қазынашылықтың сауда операциялары басқармасының басшысы, Қазынашылықтың Forex, Money Market операциялары басқармасының басшысы, аға дилері, Қазынашылық департаменті Қазынашылық операциялар басқармасының Валюталық, ақшалай және тауарлы операциялар бөлімінің дилері, Қазынашылық департаменті Қазынашылық операциялар басқармасының Бағалы қағаздармен операциялар бөлімінің дилері, Қазынашылық департаменті Дилингтік операциялар басқармасының Валюталық операциялар және АДМ-мен операциялар бөлімінің дилері, Қазынашылық департаменті Дилинг және құнды металдар басқармасының дилері, Коммерциялық департаменті Commodity бөлімінің бас банкирі, Сауда қаржыландыру департаменті Сауда операциялар басқармасының Commodity бөлімінің бас банкирі, Дилинг басқармасының Құнды металдармен жұмыс бөлімінің жетекші банкирі, Халықаралық қатынастар департаменті Құнды металдармен жұмыс бөлімі басшысының орынбасары, Валюталық операциялар департаменті Ішкі валюталық операциялар басқармасының Саудалық емес операциялар бөлімі басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

Банктегі қызметке дейін «Қазақтың кредит беру және әлеуметтік даму акционерлік коммерциялық банкінің» Сыртқы экономикалық және шетелдік операциялар департаментінің Дилингтіік операциялар бөлімінің басшысы, Тұрақты валюта бойынша дилингтік операциялар бөлімінің бас маманы, Валюталық операциялар және халықаралық есеп айырысу басқармасы Валюталық-кассалық жоспарлаудың саудалық емес операцияларын және дилингтік операцияларды ұйымдастыру бөлімінің маманы, Операциялық басқарманның Ақпаратты дайындау, өңдеу, жіберу және есептесулерді жүргізу секторының маманы лауазымдарында жұмыс жасады.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқармасы он адамнан тұрады: У.Б. Шаяхметова, А.Ж. Боданов, М.Н. Каблашев, А.С.Карпыкова, М.У. Кошенов, Ж.Ж. Мамұтов, Е.И. Сәлімов, Д.Ж. Сартаев, Ж.С. Сатубалдина, А.С. Смагулов


«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz