Баспасөз орталығы

Halyk bank пен Artmeken gallery суретшілерге арналған Halyk Art Prize байқауының басталғаны жөнінде хабарлайды

03.10.2019

2019 ж. қазан, Алматы – Halyk bank пен Artmeken gallery бірлескен жоба – Halyk Art Prize шығармашылық байқауының негізінде суретшілер сыйлығы басталғаны жөнінде хабарлайды.

Halyk Art Prize – бұл Halyk bank пен Artmeken суретшілерге арнап тағайындаған сыйлық, мақсаты – Қазақстанның қазіргі өнері мен қоғамын дамыту, шығармашылық адамдарға қолдау көрсету. 

Halyk Art Prize сыйлығының жүлде қоры екі номинацияға бөлінген: Бас жүлде (байқаудың қазылар алқасы тағайындайды) және «Народный выбор/ Halyk таңдауы» (байқаудың екінші сатысында әлеуметтік желілерде ашық дауыс беру арқылы сайланады). Halyk Art Prize сыйлығының соңында номинанттарды марапаттау рәсімі мен көрме болады.

Halyk Bank басқармасы төрағасының орынбасары Дәурен Сартаевтың айтуынша: «Мәдениет пен өнер – кез келген елдің эстетикалық және этикалық құндылықтарын қалыптастыратын, қазіргі урбанизацияланған қоғамның негізгі құрамдас бөліктері. Қоғамымызда мәдениет пен өнердің дамуына ерекше көңіл бөлу елдің даму деңгейінің жарқын көрінісі екені сөзсіз. Бұл тұрғыда отандық бизнестің ұстанымы өте маңызды. Біздің Halyk Art Prize байқауымыз – бұл Қазақстандағы жас суретшілердің шығармашылығын ынталандыратын, сурет салу өнерінің дамуындағы ең үздік трендтерді анықтау үшін тағы бір мүмкіндік».

Halyk Art Prize байқауының сараптамалық қазылар алқасына Елена Воробьева және Ербосын Мельдибеков сынды суретшілер, арт-менеджер әрі галерист Гаухар Сәтпаева, Халық банкінің Жарнама басқармасының басшысы Малика Агаева кірді. Қазылар алқасының төрағасы – өнертанушы, арт-сыншы, халықаралық жетекші Валерия Ибраева.

Байқау мен сыйлықтың 2019 жылғы тақырыбы «Мәдениет және қоғам».

Halyk Art Prize сыйлығының әділқазылар төрағасы әрі болашақ көрменің жетекшісі Валерия Ибраева: «Халық банкі бастама көтерген Halyk Art Prize байқауы мен сыйлығы болашақ қатысушыларға жақындасу мен демократияландыру бағытын жалғастыра отырып, қазіргі қазақстандық қоғам мен өнердің қарым-қатынасын көруге, біздің әлеуметтегі мәдениет пен өнердің маңыздылығы, ол жердегі суретшінің орны, мәдениет пен өнердің қоғам санасының өзгеруіне әсері туралы, қорыта келгенде, мәдениет маңызды белгілердің бірі болғандықтан, ел бірегейлігі туралы сұраққа жауап бере отырып, жоғарыда айтылған қарым-қатынасты саралауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті.

Байқауға қатысу үшін Қазақстан азаматтары шақырылады. Байқауға монументалдыдан басқа кез келген техника мен жанрда орындалған жұмыстар қатысады. Әр суретші тек бір жұмысын (немесе суретшінің бір жобасы аясында орындалса, жұмыстарының сериясын) қоя алады.

Halyk Art Prize байқауына жұмыстар 2019 жылғы 1 және 31 қазан аралығында қабылданады.

Artmeken gallery-дің ортақ негізін салушы әрі байқаудың әділқазылар мүшесі Гаухар Сәтпаева: «Halyk Art Prize сыйлығы – бұл, ең алдымен, осы уақытқа дейін дәл сурет салу өнері саласында Қазақстанның ешбір коммерциялық компаниясы осындай ауқымды байқау жасамаған бірегей жоба. Бұл сыйлық қазақстандық жас суретшілерге қатысу мүмкіндігін ғана емес, олардың шығармашылық қызметі елдің мәдениет саласындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның дамуына үлес қосуға сенімін күшейтуі ықтимал. Artmeken gallery атынан біз Halyk Art Prize байқауының барлық қатысушысына сәттілік тілейміз.».

Жоба төрт сатыда өтеді.

I САТЫ
Open call
1 – 31 қазан.

II САТЫ
Көрмеге жұмыстарды және «Бас жүлде» номинациясына жеңімпазды таңдау.
Байқаудың әділқазылар алқасы таңдайды.

III САТЫ
«Народный выбор/ Halyk таңдауы» номинациясында жеңімпазды таңдау. Әлеуметтік желілердің Artmeken gallery парақшаларында ашық дауыс беру арқылы таңдалады.

IV САТЫ
Көрме.
Байқаудың әділқазылар алқасы таңдап алған жұмыстар көрмесі.
Көрме Алматы қ. Halyk банкінің орталық офисінде өтеді.

Байқаудың барлық талабымен банк сайтында келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://halykbank.kz/about/press_center/news/9096
Halyk Art Prize байқауына қатысуға қатысты сұрақтар келесі сілтеме арқылы қабылданады halykartprize@gmail.com 

 

***

 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ нарықта 95 жылдан аса табысты жұмыс істеп келе жатқан және негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасында көшбасшы болып табылатын ірі коммерциялық банк. Банк өз клиенттеріне қызметтердің кең ауқымын (банктік қызметтер, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару, инкассация және т.б.) ұсынатын Halyk тобына кіреді. Банк, сондай-ақ Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда өз операцияларын жүргізеді. Банктің рейтингтері: Moody’s – “Ba1”, Fitch Ratings и Standard & Poor's – “BB”.

 

Artmeken Gallery – заманауи өнер галереясы, Қазақстанда, Алматы қ. орналасқан. Елдегі санаулы тәуелсіз көрме алаңдарының бірі. Галереяның миссиясы – қазақстандық, орта азиялық және шетелдік суретшілерді көрмелер, арт-резиденциялар мен білім беру іс-шараларын ұйымдастыру арқылы таныту және қолдау.

 


 

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі
тел. +7 (727) 2 590 301
pr@halykbank.kz
www.halykbank.kz

Artmeken gallery
тел. +7 705 184 64 41, + 7 701 111 95 01
artmeken@gmail.com
www.artmeken.com