Баспасөз орталығы

Арыс қ. аудандық орталық ауруханасы жаңа медициналық жабдық алды

06.09.2019

Арыс, Түркістан облысы, 5 қыркүйек 2019 ж. - Halyk Bank жеке «Халық» қайырылымдық қоры» (ЖҚ) арқылы Арыс аудандық орталық ауруханасына Арыс қ. тұрғындарына диагностика жасауға және емдеуге арналған  жаңа медициналық жабдық сатып алды.  

Емдеу мекемесінің дәрігерлері мен басшылығы емханаға қажетті медициналық жабдықтың тізімін жасады. Өз кезегінде Halyk Bank және «Халық» қайырылымдық қоры» 130 млн. теңге мөлшерінде қажетті қаражатты бөлді.

 - Қаражат аудандық аурухананың жетіспейтін жабдықтарын толықтыруға, сонымен қатар ескірген және ішінара істен шыққан жабдықты ауыстыруға арналған. Жаңа медициналық жабдық, сөзсіз, диагностика, емдеу сапасын және емдеу мекемесінде ем алу жағдайларын айтарлықтай жасқартауға мүмкіндік береді, - деді Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен САРТАЕВ, -  Арыс қаласында орын алған оқиға – біздің ортақ қайғымыз, бүкіл елдің қасіреті. Алайда, барлығымыздың – атқарушы органдардың, тұрғындардың, қайырымдылық жасаушылардың жұмыла атқарған еңбегі арқасында біз төтенше жағдайдың салдарын тез арада жоя аламыз.

Жаңа жабдық шұғыл және жоспарлы операциялар, босану кезінде заманауи медициналық көмекті толық көлемде көрсетуге, сонымен қатар пациенттерді жоспарлы түрде емдеуге мүмкіндік береді.  

- Аудандық аурухана үшін – бұл түрлі сырқаттардың диагнозын қою және ары қарай емдеу үшін қажетті маңызды табыс, - деді Арыс аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Ерғали Әлімбаев, - мысал ретінде жаңа маммографты атап өтуге болады, ол сүт безі ауруларын бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жағдай, өз кезегінде, мұндай ауруларды емдеудің жоғары тиімділігіне септігін тигізеді.  

Сатып алынған жабдықтың арасында операциялық үстел, инфузиялық және шприцтік сорғылар, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор, фототерапиялық қондырғы, балаларға арналған медициналық жылытқыштар, маммографиялық жүйе, керуеттер, өкпені жасанды желдету аппараттары, пациентке арналған Bionet мониторлары және басқалар – жалпы Оңтүстік Кореяда, Чехия және Швейцарияда жасалған медициналық жабдықтың 30-дан астам бірлігі.


 «Халық» қайырымдылық қоры (Halyk Fund) – Halyk Bank жанында 2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында мәдениет, спорт және білім беру саласында қайырымдылық және демеушілік қызметті жүйелі деңгейде жүзеге асыру, әлеуметтік жобаларды және қоғам үшін маңызды іс-шараларды жүргізу мақсатында құрылды.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ нарықта 95 жылдан артық табысты жұмыс жасап келе жатқан және де барлық негізгі көрсеткіштер бойынша елде көшбасшылық ететін Қазақстан Республикасының ең ірі коммерциялық банкі болып табылады. Банк қызметтердің кең ауқымын (банк қызметтері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару, инкассациялау және т.б.) ұсынатын Halyk тобына кіреді. Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, және, жақын уақыттан бері, Өзбекстанда жүзеге асырады. Банктің рейтингтері: Moody’s – “Ba1”, Fitch Ratings және Standard & Poor's – “BB”.



«Қазақстан Халық Банкі» АҚ PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz