Баспасөз орталығы

Халықаралық Halyk тобы Өзбекстан астанасында өз мүмкіндіктерін таныстырды

23.08.2019

Ташкент – халықаралық Halyk тобы («Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank) тобы) жоғары басшылықтың, негізгі бөлімшелердің, филиалдардың және Қазақстаннан, Грузиядан, Ресейден, Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген еншілес ұйымдардың басшыларының,  қатысуымен өткен көшпелі отырыстың шеңберінде өз мүмкіндіктерінің таныстырылымын өткізді. Іс-шара шеңберінде кездесулер өтті, озық тәжірибемен алмасу, «Halyk» тобы дамуының өзекті мәселелерін талқылау ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шара аясында қатысушылар бизнес өкілдерімен тікелей байланыс орнату мәселелерін талқылады, сонымен қатар Өзбекстан мәдениетімен танысты.

Іс-шара қатысушыларының назарына Топтың жақында ғана Өзбекстанда ашылған еншілес банкті - «Tenge Bank» акционерлік коммерциялық банкі (АКБ) (Банк) ұсынылды. Алдын ала жоспарланғандай, Банк бірінші кезеңде заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге белсенді түрде кірісті, есептік-кассалық операцияларды, SWIFT жүйесі арқылы халықаралық төлемдерді жүзеге асыруда, заңды тұлғаларды соммен және шетел валютасында кредиттеуді бастады.

«Қызметіміздің алғашқы күндерінен бастап жергілікті компаниялардың тарапынан біз кредиттеуге айтарлықтай қызығушылығын көріп отырмыз, өз тарапымыздан біз клиенттерге Halyk тобына тиесілі мүмкіндіктердің кең ауқымын ұсынуға дайынбыз», - деп «Tenge Bank» АКБ Басқарма Төрағасы Аслан Талпаков атап өтті, - «Сонымен қатар біз трансшекаралық есептесулердің икемді сызбалары мен саудалық қаржыландырудың заманауы құралдарын ұсынуға әзірміз».

Банк, жоғары сұранысты зерттеп, өз клиенттеріне Өзбекстаннан Қазақстанға теңгемен тікелей төлемдерді жедел түрде орындауды әзірлеп, ұсынды. Заңды тұлғалар енді қазақстандық теңгені тікелей сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Банк жеке тұлғалар үшін мерзімдік салымдардың түрлі мақсатқа бағытталған үш түрін қосты. 1 қыркүйектен бастап бөлшек кредиттік өнімдерді қосу жоспарлануда. Банк Uzcard төлем жүйесіне қосылды. HUMO төлем жүйесіне, сондай-ақ халықаралық VISA, Union Pay және MasterСard төлем жүйелеріне қосылу бойынша белсенді жұмыс басталды. Келешекте, 2020 жылы эквайринг үшін Өзбекстан үшін алғашқы рет American Express төлем жүйесін тарту жоспарланады.

Halyk тобының бір бөлігі бола отырып, «Tenge Bank» АКБ айтарлықтай қаржылық және техникалық ресурстарға ие, олар Банкке клиенттерге сенімді, тұрақты қорландыру мен қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Банк келесі 3-5 жылдың ішінде Өзбекстанның банктердің үздік ондығына кіруді міндет етеді.

***

«Tenge Bank» АКБ – корпоративтік және бөлшек клиенттердің барлық санаттарына заманауи банктік технологияларды қолданумен қаржылық қызметтер көрсететін әмбебап банк. Банк 100% «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың (Halyk Bank) 100% еншілес банкі болып табылады. Офисінің мекенжайы: Ташкент қ., 100007, Яшнабад ауданы, Паркент к-сі, 66 үй. Телефоны: +998(71)2038899, info@tengebank.uz, Facebook: tengebank.uz, Telegram: tengebankuz.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ нарықта 95 жылдан артық табысты жұмыс жасап келе жатқан және де барлық негізгі көрсеткіштер бойынша елде көшбасшылық ететін Қазақстан Республикасының ең ірі коммерциялық банкі болып табылады. Банк қызметтердің кең ауқымын (банк қызметтері, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызметтер және активтерді басқару, инкассациялау және т.б.) ұсынатын Halyk тобына кіреді. Банк өз операцияларын Ресейде, Грузияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда, және, жақын уақыттан бері, Өзбекстанда жүзеге асырады. Банктің рейтингтері: Moody’s – “Ba1”, Fitch Ratings және Standard & Poor's – “BB”.

 


 

Halyk Bank PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| 

pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz 

 «Tenge Bank» АКБ баспасөз қызметі


тел. +998 97 428 17 10 | 

info@tengebank.uz | www.tengebank.uz