Баспасөз орталығы

Ресми мәлімдеме

16.08.2019

Regtv.kz («Регистр ТВ Казахстан») ақпараттық ресурста 2019 жылғы 14 тамызда («Halyk Bank: зейнеткерді кемсіткеннен кейін үлкен дауға ұрынды), 2019 жылғы 16 тамызда («Halyk Bank homebank.kz-те төлем жасау кезінде қалай алдайды») жариялаған материалдарға қатысты «Қазақстан Халық банкі» АҚ жоғарыда аталған тақырыпқа байланысты анық-қанығын тексеріп, шындыққа жанаспайтынын және «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Halyk Bank) имиджіне нұқсан келгенін мәлімдейді.

Атаулы бағытта таратылған жалған ақпарат заңнамаға сәйкес қудаланады.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған ресурста материалдардың жариялану сипаты мен жүйелілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банк конституциялық құқықтарын қорғау үшін сот және құқық қорғау органдарына жүгіну мүмкіндігін қолдана алады.


Halyk Bank PR-қызметі
Тел.+7 727 2 590 301/pr@halykbank.kz/www.halykbank.kz