Баспасөз орталығы

Ақпараттық хабарлама

01.08.2019

2019 жылғы 31 шілдедегі «Еуразия» бірінші арна» телеарнасының «Басты жаңалықтар» бағдарламасының кешкі шығарылымындағы бейнесюжетке қатысты Семей қаласындағы оқиға туралы Halyk Bank мәлімдейді:

Банктің қауіпсіздік қызметі және Шығыс Қазақстан облысының құқық қорғау органдары бірлесе отырып, бірнеше сағат ішінде орын алған оқиғаны алдын ала тексеріп, жедел жұмыстарын жүргізді.

Алдын ала тексеру нәтижелері бойынша:

1.  клиент (1950 жылы туылған, 69 жастағы зейнеткер) банкке кредит беру туралы өтінішпен жүгінді. Бейнебақылау камераларында сақталған деректер мен бөлімшедегі күзет қызметкерінің айтуы бойынша банк ғимаратына клиентпен бірге өзін клиенттің туысымын деп таныстырған тұлға ілесіп кірген. Сөйлесу кезінде оны мәжбүрлеп келгені байқалмаған.

2.  менеджер кредитті ресімдеу кезінде клиентке барлық ережелерге сәйкес және қажетті ішкі процедураларды сақтай отырып, қызмет көрсеткен. Банктің қауіпсіздік қызметі қосымша тексеріс жүргізгеннен кейін клиентке қызмет көрсеткен менеджер фигуранттарды танымайтыны әрі олармен сөз байланыспағаны анықталды.

3.  клиентке қатысты оның жанында жүрген үшінші тұлғалардың тарапынан алаяқтық әрекеттер жасалды.

Орын алған оқиға бойынша банктің қауіпсіздік қызметі егжей-тегжейлі тексеріс жүргізуде, ал облыстың құқық қорғау органдары 30.07.19 ж. бастап №196330031001795 алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында қылмыстық іске қатысы бар бір айыпталушы анықталды, ал екінші күдікті іздестірілуде.

Болған жағдайды ескере отырып, Halyk Bank тергеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін, сондай-ақ соттың шешіміне байланысты алаяқтардан залал келтірілген соманы өндіру және кредитті күшін жою туралы шешімді қарастыратын болады.

Сонымен қатар, банк өз клиенттеріне қырағылық танытып, егде жастағы адамдардың сенімдерін пайдаланатын алаяқтарға қолды болмас үшін оларды қараусыз қалдырмауға шақырады. 

Halyk Bank PR-қызметі,
тел.+7 727 2 590 301/pr@halykbank.kz/www.halykbank.kz