Баспасөз орталығы

Қазақстан Халық Банкі және Visa HalykFinTech Хакатонын өткізеді

22.04.2021

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ және бастаушы кәсіпкерлер, бағдарлама жасаушылар мен студенттер үшін HalykFinTechХакатон жүргізілетіні жөнінде хабарлайдыАталған іс-шара2016 жылы 15-16 қазанда «AlmatyTowers»БО-нда«Бизнес Фабрика»коворкинг орталығында орын аладыХакатон қатысушылары Халық банкінің сайтында 2016 ж. 14 қазанға дейін тіркеліп, техникалық тапсырмаларын біле алады.

Хакатонға дайындық барысында 23 қыркүйек-4 қазан кезең аралығында іс-шараның ұйымдастырушылары Алматы қаласында СДУ, ҚБТУ, ҚМЭБИ, Narhoz, AlmaU  және ХАТУ университеттерінің студенттерімен кездесулер өткізеді. Бұл жасаушыларға қосымша ақпарат алып, хакатонда сапалы өнімдер мен шешімдер құруды мүмкін етеді.

Бұған қоса, хакатонның ықтимал қатысушылары әйгілі жас кәсіпкер Арман Сүлейменовтің және  ChocoFamily компаниясы өкілдерінің уәждемелеу дәрістеріне қатысып, сонымен қатар  өз идеяларын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нда өтетін краш-тестетрде (crash-tests) сынап көре алады.

Бұған қоса, хакатонның ықтимал қатысушылары әйгілі жас кәсіпкер Арман Сүлейменовтің және  ChocoFamily компаниясы өкілдерінің уәждемелеу дәрістеріне қатысып, сонымен қатар  өз идеяларын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нда өтетін краш-тестетрде (crash-tests) сынап көре алады.

Visa Developer Platform жасаушыларға карта ұсташыны сәйкестендіру және тексеру (верификация), валютаны айырбастау, онлайн және POS-тағы (VisaCheckout) қауіпсіз және ыңғайлы төлемдер, карталар ұстаушылары арасында төлемдер (VisaDirect) сияқты Visa-ның кеңінен қолданылатын төлем шешімдері мен қосымшаларына, орналасқан орнын анықтау негізіндегі және нақты уақыт режимінде ұсынылуы мүмкін шешімдерге (сауда-сервистік кәсіпорынның орналасуы, хабарламалар) қолжеткізу мүмкіндігін береді.

I хакатон қатысушыларының пікірлері

Дастан Арынғазы, студент ХАТУ«Біз көптеген компаниялардың  хакатондарына  қатысқанбыз, соның арасынан Халық банкі ғана біздің  жұмысымызды  аяғына дейін жеткізіп іске қосқан  жалғыз компания болып табылады. Қаржы  институты  бізге  барлық инфрақұрылымды  ұсына  білді.  Банктің өкілдері бізбен бірлесе жұмыс істеп, жобамызды  жақсартуға  және оны қолданысқа енгізуге  көмектесті. Қазіргі уақытта осы қосымшаларды  жалғастыру жөніндегі келіссөздер  жүргізудеміз».

Бақытжан Дос, AceLight командасы: «Осы тектес іс-шараларды ұйымдастырушылар  жеңімпаздарды анықтаумен ғана тоқталатын,  ал оларды жүзеге асыру  жайында ешкім бас ауыртпайтын. Біз үшін  бұл өте құнды тәжірибе болып табылады.  Біз кодталған құжаттама болсын немесе ірі компанияның  қызметкерлері арасындағы  қарым-қатынас болсын, қалай дұрыс жұмыс істеуді түсіндік». 

Visa туралы ақпараттар

Visa Inc. (NYSE:V) компаниясы   карта ұстаушыларына  сауда – қызмет көрсету ұйымдарында, әлемнің 200-ден астам елдеріндегі  қаржылық және  үкіметтік  кәсіпорындарында   электрондық төлемнің жылдам, қауіпсіз әрі сенімді желісіне қолжетімділік беретін  жаһандық  төлем жүйесі болып табылады.  Электронды төлемдер тұтынушылар үшін  алаяқтық әрекеттерден сенімді қорғанысты  және сауда – қызмет көрсету ұйымдары үшін төлемнің жүргізілуіне кепілдік  бере отырып, секундына  65 000-нан астам  транзакцияларды  өңдеуге қабілетті  VisaNet жаһандық инновациялық  процессингтік  жүйе көмегі арқылы жүзеге асырылады . Visa банк болып табылмайды, төлем карталарын шығармайды,  қолданушылар үшін  комиссия  немесе пайыздық  мөлшерлемелер орнатпайды, сондай-ақ  карта ұстаушыларына кредит бермейді. Өз кезегінде Visa-ның инновациялық шешімдері  қаржы ұйымдары үшін өз клиенттеріне  дебеттік,   алдын ала төленген  және  кредиттік карталық өнімдерді өоса алғанда қаржылық құралдардың  кең таңдауын   ұсынуға м мүмкіндік береді5[1]. Толығырақ ақпаратты: www.corporate.visa.comhttps://www.facebook.com/VisaKazakhstanwww.visa.com.kzмекенжайлары бойынша ала аласыз .



 «Виза Интернэшнл Сервис Ассосиэйшн» (Visa International Service Association) (АҚШ) корпорациясы банктерге Visa-ның төлем карталарын  шығаруға мүмкіндік береді . Эмитент- Банктер  Visa карталарын  шығару бойынша шектеу қоюға құқылы. Visa-ның төлем карталарын  шығару және қызмет көрсету  талаптары туралы  ақпарат алу үшін банктерге жүгініңіз. Visa бренді туралы Толығырақ ақпаратты  visa.com.kz. https://www.facebook.com/VisaKazakhstan мекенжайлары бойынша ала аласыз.

Қазақстан Халық банкі туралы ақпараттар

«Қазақстан Халық Банкі»  АҚ- өз клиенттерінің  игілігі үшін 90 жылдан бері  табысты жұмыс істеп келе жатқан,  Қазақстанның қаржы құрылымының  ең сенімді және  әртараптандырылған  банктерінің бірі болып табылатын Қазақстан Республикасының ең ірі   әмбебап  коммерциялық банкі. 2001 жылы жүргізілген Халық банкін  жекешелендіру,  өз клиенттеріне  қызметтердің сапалы  жиынтығын  ұсынуға мүмкіндік  алу үшін бизнесті  қайтақұрылымдауға  мүмкіндік берді. Банк  төлем карталарының  қазақстандық нарығының теңдессіз көшбасшысы болып табылады. Банктің қолданыстағы карталарының саны 3,9 млн бірліктен  асып отыр, бұл  Қазақстандағы төлем карталарын пайдаланушылардың 40% құрайды .

БАҚ-на байланыс телефондары 

Анна Сердюк
ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа Visa 
корпоративтік комуникациялар менеджері. 
Тел.: +38044 22 00 300
aserdyuk@visa.com 

Досбол Арыстанбеков

PR-қызметі  «Қазақстан Халық банкі» АҚ

тел. +7 727 2 3002 95, pr@halykbank.kz

www.halykbank.kz

 
 
Ирина Нестеренко
Орталық Азия елдерінің Visa баспасөз-қызметі 
Tayniy Sovetnik Ogilvy PR
Тел.: +7 727 355 17 27
М: +7 702 2323896
irina.nesterenko@ogilvypr.kz

[1]Хакатон (ағылш. – hackathon) - hack сөзінен шыққан (бағдарламалық зерттеу мағынада) және marathon (марафон) – «бағдарламалау марафоны», сайыс бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушілер арасында ұйымдастырушылардың қандай да бір тапсырмасын шешу бағытында жүргізіледі. Шарты бойынша, хакатон өткізілу барысында қатысушы командалар бірнеше күн бойы шешімін табу мақсатында оқшауланып, белгілі бір мерзімге дейін өз идеясының жауабын және шешімін ұсыну қажет. Тәуелсіз қазылар алқасы ең ерекше және перспективті жобаны таңдайды. Әрбір хакатон белгілі бір салаға бағытталған, мысалы, бағдарламалау, операциялық  жүйе, қосымша әзірлеу, бағдарлама интерфейсі (API). Ақпарат көзі: LINK

[2]Ақпарат көзі: Moody's: Fintech to drive transformation rather than disruption for banks. Global Credit Research - 18 мамыр 2016

[3]Алғашқы Halyk FinTech Хакатон 2016ж. ақпан айында өткізілді. Жеңімпаздар жобалары банк клиенттері үшін жарық көрді.

[4]API (Application Programming Interface) — қосымша жарыққа шығу интерфейсі