Баспасөз орталығы

Halyk Bank шетел валютасында берілген ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыратыны туралы хабарлайды

01.10.2020

Шетел валютасында берілген ипотекалық заемдар бойынша қарыз алушылардың және (немесе) кепіл берушінің назарына!

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына және Ипотекалық тұрғын үй заемдарын (ипотекалық заемдарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына сәйкес Halyk Bank шетел валютасында берілген ипотекалық заем бойынша жеке тұлғалардың ақшалай міндеттемелері (берешегі) заем валютасы шетел валютасынан Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына ауыстырылуы себебінен азайтылатынын (қайта есептеу Ұлттық Банктің 2015 жылғы 18 тамыздағы ресми бағамымен жүргізіледі) хабарлайды.

Осы хабарламаны жариялаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарыз алушының және (немесе) кепіл берушінің жазбаша қарсылық білдірмеуін Банк шетел валютасындағы ипотекалық заем бойынша ақшалай міндеттемені (берешекті) шетел валютасындағы негізгі борыш сомасын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына айырбастау арқылы Банктің азайтуына қарыз алушының және (немесе) кепіл берушінің келісімі ретінде қарастырады.

Келіспеген жағдайда қарыз алушы және (немесе) кепіл беруші көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кез келген ыңғайлы мына тәсілдердің бірімен Банкке тиісті жазбаша өтініш білдіруі тиіс:

  • мекенжайына жазбаша: А26М3К5, Алматы қ., Әл-Фараби даңғ., 40-үй
  • электрондық пошта арқылы: info@halykbank.kz
  • анықтама телефоны: 7111 (ұялы телефоннан тегін), +7 (727) 259-07-77 (қалалық телефоннан).



Құрметпен,

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ