Баспасөз орталығы

Тегін вебинар: «Бизнесті online-ға қалай көшіреміз және мүмкіндіктерді кеңейту»

28.09.2020

Бизнес онлайн режимге белсенді түрде өтуде, ал 2020 жыл бұл процесті жылдамдатуға өз септігін тигізуде. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер online-ға өтті және олар бұл шешімнің уақытша емес екенін жете түсінеді, өйткені осы жағдайда online-ға өту олардың бизнесін сақтап қалуға, сондай-ақ кеңейтуге мүмкіндік береді.

30 қыркүйекте,  Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де Дмитрий Казанцев және Halyk Bank-тің қолдауымен ұйымдастырылған вебинар спикерлері барлық кәсіпкерлерге «Online-ға қалай өтеміз және мүмкіндіктерді қалай кеңейту керек?» деген тақырыпқа жауап беретін болады. 

Вебинарға Halyk Business-тің Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасы арқылы алдын-ала тіркелусіз-ақ қатысуға болады.