Баспасөз орталығы

Төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шартына толықтырулар енгізу туралы

25.08.2020

Құрметті Банк клиенттері!

Сіздерге Төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шартына өзгерістердің енгізілетіні туралы хабарлаймыз.

Клиенттің картаны пайдалануы арқылы жүргізген әр операциясы бойынша хабарламалар алу құқығы туралы тармаққа толықтырулар енгізілді:

  • Homebank.kz-тің тіркелген пайдаланушылары үшін - Push-хабарлаулар түрінде*;
  • Homebank.kz-тің тіркелмеген пайдаланушылары үшін – мобильдік телефон нөміріне SMS-хабарламалар түрінде, мобильдік телефон нөмірі «SMS-банкинг» қызметіне қосылған жағдайда.


*Push-хабарлаулар – бұл Homebank.kz қосымшасын пайдаланушылардың мобильдік телефондарының экранында пайда болатын карта/карт-шот бойынша операциялар туралы қысқа қалқыма хабарламалар.


Шартқа және Қағидаға өзгерістер 2020 жылғы 10 қыркүйекте күшіне енеді.

Шартқа және Қағидаға енгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен келіспеген жағдайда, өзгерістер күшіне енгенге дейін Сіз Банк бөлімшесінде жазбаша өтініш беру арқылы Шарттан бас тартуға құқылысыз.

Шартпен толығырақ 2020 жылғы 10 қыркүйекте таныса аласыз.