Баспасөз орталығы

Ақпараттық хабарлама

17.08.2020

2020 жылғы шілде-тамыз айларында 01.07.2020 ж. жағдайына заемдар бойынша проблемалық берешегі бар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) клиенттеріне олардың заемдары бойынша үшінші тұлғаларға талап ету құқықтарын беру мүмкіндігі туралы ақпараттандыратын SMS арқылы қысқа хабарламалар жіберілген болатын. Банк хабарламаның толық мәтінін және оны алуға байланысты туындаған сұрақтарға берілген жауаптарды орналастырады:

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) қазіргі уақытта Банк пен Сіздің араңызда жасалған банктік заем шарты (несие шоты) (бұдан әрі – Шарт) бойынша (талап ету) құқықтарды беру (өткізу) мүмкіндігі туралы, сонымен қатар осындай беруге байланысты Сіздің дербес деректеріңізді өңдеу туралы мәселені Банк қарап жатқанын хабарлайды.

Аталған мәселе бойынша оң шешім қабылданған және (талап ету) құқықтарды беру туралы шарт жасалған жағдайда Банк (талап ету) құқықтар берілген үшінші тұлға туралы ақпаратты ұсына отырып, (талап ету) құқықтардың өткені және Шарт бойынша кейінгі төлемдерді тағайындау туралы Сізге қосымша хабарлайды.»

Банк клиенттерінің жоғарыда көрсетілген хабарламаны алуына байланысты туындаған сұрақтары және оларға берілген жауаптар:

1) Сұрақ: Заемшылардың заемдары бойынша (талап ету) құқықтарды беру немен регламенттелген?

Жауап: Қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын проблемалық берешегі бар Банк заемшыларының заемдары бойынша (талап ету) құқықтарды беру «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және банктік заем шартында көзделген Банктің құқығы аясында іске асырылады.

2) Сұрақ: Заем бойынша (талап ету) құқықтар неге беріледі?

Жауап: Үшінші тұлғалардың пайдасына заемдар бойынша (талап ету) құқықтарды Банк банктік заем шарты бойынша қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен асатын міндеттемені орындауды кешіктіру және аталған берешек туралы мәселені реттеу үшін заемшы Банкке өтініш білдірмеу себебінен береді.

3) Сұрақ: Заем бойынша (талап ету) құқықтардың берілуіне жол бермеуге бола ма?

Жауап: Банк пен үшінші тұлға арасында (талап ету) құқықтарды беру шарты жасалған күнге дейін мерзімі өткен берешектің толық көлемде өтелуін қамтамасыз ету. (Талап ету) құқықтарды беру шартын 15.08.2020 ж. бен 31.08.2020 ж. аралығында жасасу жоспарланып отырғанына назар аударамыз.

4) Сұрақ: Проблемалық берешекті реттеу мәселесі жөнінде қайда өтініш білдіруге болады?

Жауап: Проблемалық берешекті реттеу жөнінде кез келген сұрақ туындаған жағдайда Банктің келесі мекенжайларда орналасқан бөлімшелеріне өтініш білдіру қажет: