Баспасөз орталығы

Ақпараттық хабарлама

07.08.2020

Құрметті Банк клиенттері!

Сізге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 93 Қаулысына сәйкес валюталық бақылаудан өтуі тиіс операцияларды жүргізу тәртібіне 2020 ж. 07 тамыздан бастап келесі өзгерістер енгізілгені туралы хабарлаймыз:

1) Заңды тұлғалар-резиденттер үшін валюталық шарттың сомасы баламасында жүз миллион АҚШ долларынан асатын, алынған сыртқы қарыздар және шығару проспектісіне сәйкес номиналдық сомасы баламасында жүз миллион АҚШ долларынан асатын, және де олар бойынша міндеттемелерді орындау қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу күнінен бастап күнтізбелік тоқсан күннің ішінде болатыншетел валютасында шығарылған облигациялар бойынша Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғасы алдында шетел валютасындағы міндеттемелерді өтеу мақсатында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және пайдалану тәртібі өзгерді.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар бойынша қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу үшін резидент заңды тұлға Банкке мыналарды ұсынады:

а.       Тисті шетел валютасында жеке банктік шот ашуға өтініш;

б.       Уәкілетті банкке сатып алынған қолма-қол ақшасыз валютаны шетел валютасындағы жеке банктік шотқа есепке жатқызу туралы нұсқау;

в.       Уәкілетті банкке осы валютаны күнтізбелік тоқсан күнде көрсетілген мақсаттарға пайдаланбаған жағдайда, оны ұлттық валютаға сату туралы нұсқау;

г.      Міндеттемелерді орындау сомасы мен мерзімдерін растайтын құжаттар (кредит шарты, төлемдер кестесі, өзге құжаттар).

Резидент заңды тұлға бұл ретте сатып алынған шетел валютасын көрсетілген мақсаттарға ғана қолданылуын қамтамасыз етеді.

2) ҚР резиденті емес тұлғамен жасалған валюталық шартты орындау үшін сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға пайдалану рұқсат етілмейді.

Шетел валютасындағы міндеттемелерді орындауға байланысты емес мақсаттарға:

 А. шетел валютасын шетел банктеріндегі меншікті шоттарға аудару,

 Б. шетел валютасындағы ақысыз аударымдар,

 В. Шетел валютасын уәкілетті банктердегі меншікті шоттарға есепке жатқызу және (немесе) аудару жатады.

3)      Қолма-қол ақшасыз шетел валютасын валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға сатып алудың жалпы сомасы валюталық шарттың сомасынан аспауы тиіс.

Қолма-қол ақшасыз шетел валютасын валюталық шарт бойынша ұлттық валютаға сатып алудың жалпы сомасы резидент заңды тұлғаның өтінімдері және (немесе) осы валюталық шарт шеңберінде шетел валютасын сатып алу туралы басқа уәкілетті банктердің ақпараты* негізінде есептеледі.

* Бұл норма шетел валютасын баламасында елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға ұлттық валютаға сатып алуға таралады.

4)      Резидент заңды тұлға ҚР резиденті емес тұлғамен жасалған валюталық шартты орындау үшін бұрын сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасын басқа уәкілетті банктегі меншікті шотына валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында аударған жағдайда,  уәкілетті банк ақша аударымымен бір уақытта бұрын сатып алынған қолма-қол ақшасыз шетел валютасы туралы ақпаратты басқа уәкілетті банкке кейінгі валюталық бақылау жүргізу үшін жолдайды.