Баспасөз орталығы

American Express SafeKey® (3D Secure). American Express карталары үшін 3D Secure онлайн төлемдерді қосымша қорғау сервисі

27.05.2020

Құрметті клиенттер-American Express карталарының иелері!

Банктің басқа карталары бойынша онлайн төлемдерді және аударымдарды растау үшін қолданылатын, төлемдердің қаржылық қауіпсіздігін көтеруді мүмкін ететін 3D Secure көпшілікке таныс.

2020 жылғы 1 маусымнан бастап Сіздердің карталарыңызға American Express SafeKey® (3D Secure)* онлайн сатып алуды қосымша қорғау сервисі автоматты түрде қосылатын болады. 

1 маусымнан бастап интернетте кезекті төлеу немесе American Express картасынан аударым жүргізу кезінде операция қорғаныс коды енгізілгеннен кейін: 

  • Сіздің сенімді нөміріңізге автоматты түрде жолданатын SMS код арқылы немесе
  • Сіз алдын ала Homebank қосымшасында (American Express картасының баптауларында «3D Secure орнату» опциясын таңдау) орнатқан тұрақты пароль арқылы расталатын болады.  
  

Halyk Bank-те тіркелген, картамен байланыстырылған сенімді ұялы нөмірдің өзектілігін тексеруді сұраймыз.

3D Secure – онлайн төлемдердің сенімді қорғанысы, енді Halyk Bank-тен American Express карталары үшін де.  

* American Express SafeKey® – қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шешім, ол халықаралық EMV® 3-D Secure бизнес стандарттарына сәйкес келеді.

EMV® –АҚШ-та және басқа елдерде тіркелген, EMVCo–ға тиесілі сауда маркасы. Өзге елдерде тіркелмеген сауда марка ретінде қолданылмайды.