Баспасөз орталығы

Halyk Bank 2020 жылдың 01 маусымынан бастап заңды тұлғалардың банктік шоттарынан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талаптардың өзгергені туралы хабарлайды

26.05.2020

Құрметті клиент,

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) Сіздерге 2020 жылдың 01 маусымынан бастап заңды тұлғалардың банктік шоттарынан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талаптардың өзгергені туралы хабарлайды.

«Заңды тұлғалардың банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшері және банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу жөніндегі талап қолданылмайтын заңды тұлғалардың санаттары туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі №50 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) заңды тұлғалардың банктік шоттарынан қолма-қол ақшаны алу үшін соманың мынадай шекті мөлшері белгіленді:

  • шағын кәсіпкерлік субъектілері* – 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден аспайды;
  • орта кәсіпкерлік субъектілері*120 000 000 (жүз жиырма миллион) теңгеден аспайды;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері* – 150 000 000 (жүз елу миллион) теңгеден аспайды.


Белгіленген лимиттердің асып кетуі заңды тұлалар Банкке (шарт немесе қолма-қол ақшаны алу қажеттілігін растайтын өзге құжаттар) тиісті негіздеме берген кезде рұқсат етіледі. Қолма-қол ақшаны алу сомасын ұлғайту туралы өтінімді Банк ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен үш жұмыс күні ішінде келіседі.


Шектеулер мына санаттарға қолданылмайды: 

1) микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты;**

2) ауыл шаруашылық азық-түлік өнімдерін, акваөсіру (балық аулау) өнімдерін сатып алуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

3) Қаулыға қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерімен тамақ өнімдерін, сусындарды, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарларды  бөлшек саудада сату субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттардан олардың қолма-қол ақшаны алу кезінде екінші деңгейдегі банктерге және Ұлттық почта операторына және қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға.

Қаулының редакциясымен және шарттары туралы толығырақ ақпаратпен ҚР Ұлттық Банкінің сайтынан таныса аласыздар.

Қолма-қол ақшаны алу сомасын ұлғайту туралы өтінімді Onlinebank жүйесі арқылы қашықтан беру мақсатында Банк тиісті автоматтандырылған рәсімдерді әзірлейтін болады, ол туралы ақпарат клиенттердің назарына қосымша жеткізілетін болады.

______________________

*Компанияңыздың кәсіпкерлік субъектісінің қай санатына жататынын www.elisence.kz сайтынан біле аласыздар.

**  жеке кәсіпкерлікпен айналысатын, қызметкерлердің орташа жылдық саны он бес адамнан аспайтын немесе орташа жылдық кірісі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына әрекет ететін отыз мың еселік айлық есептік көрсеткіштен артық емес шағын кәсіпкерлік субъектілері микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.


Құрметпен,

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ