Баспасөз орталығы

Төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шартына толықтырулар енгізу туралы

13.05.2020

Құрметті Банк клиенттері!

Сіздерге Төлем картасын шығару және оған қызмет көрсету туралы қосылу шартына өзгерістер енгізілетіні туралы хабарлаймыз.

Шарт клиенттің мобильді құрылғылар арқылы төлемдерді іске қосуға қажетті, оның ішінде Т.А.Ә., карта нөмірі, CVV2/CVC2, картаның жарамдылық мерзімі, Банк SMS-хабарлама түрінде беретін пароль сияқты ақпаратты басқа тұлғаларға таратпайтын және бермейтін міндеттерімен толықтырылған.

Шарт төлем картасын үшінші тұлғаларға беруге байланысты Банкке немесе карта ұстаушыға келтірілген зиян үшін Банктің жауапкершілігін алып тастау тармағымен толықтырылған.


Шартқа және Қағидаға енгізілетін өзгерістер 2020 жылғы 28 мамырдан бастап күшіне енеді.

Сіз Шартқа және Қағидаға енгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен келіспеген жағдайда өзгерістер күшіне енгенге дейін Банк бөлімшесінде жазбаша өтініш беру арқылы Шарттан бас тартуға құқылысыз.

Шартпен толығырақ Сіз 2020 жылғы 28 мамырда таныса аласыз.