Баспасөз орталығы

Банктің демалыс және мереке күндердегі жұмыс уақыты туралы

07.05.2020

Сіздерге банк бөлімшелерінің жұмыс тәртібі туралы ақпаратты ұсынамыз.

7 мамырдан 10 мамырға дейін мереке және демалыс күндері Halyk Bank бөлімшелері және олардың ішінде орналасқан терминалдар мен автокассалар жұмыс істемейді.

10 мамырда банктің 8 бөлімшесі жұмыс істейді. Яғни Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қызылорда қаласы және Іргелі елді-мекенінде орналасқан сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы бөлімшелер қызмет атқарады.

Бөлімшелер тізімі төменде көрсетілген:

  • Нұр-Сұлтан қ. «Керуен» СОО жанындағы ДСО
  • Нұр- Сұлтан қ. «Керуен Сity» СОО жанындағы ДСО
  • Нұр-Сұлтан қ. «Mega Silk Way» СОО жанындағы ДСО
  • Алматы қ. «Mega Alma-Ata» СОО жанындағы ДСО
  • Алматы қ. «Moskva» СОО жанындағы ДСО
  • Ақтөбе қ. «Keruen Сity» СОО жанындағы ДСО
  • Қызылорда қ. «Aray City Mall» СОО жанындағы ДСО
  • «Молл Апорт» Алматы және Бішкек тасжолы, Іркелі ауылы 767 «Молл Апорт» СОО жанындағы ДСО


Бұл бөлімшелердің қызмет көрсету жұмыс тәртібі орналасқан ұйымдардың аумағындағы тәртіпке байланысты жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, мереке күндері Homebank қызметі, байланыс орталығы және барлық банкоматтар тәулік бойы жұмыс істейді.