Баспасөз орталығы

Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек

06.05.2020

Құрметті достар!

Бүгінгі күні Қазақстанның оңтүстігінде орын алған жағдайдан тұрғындар орасан зор зардап шегіп, бірнеше елді-мекен су астында қалғаны баршаға аян.

Тілсіз жаудың кесірінен елдегі төтенше жағдай режимі мен карантиндік кезеңде отандастарымыздың отбасы  тіпті қиын жағдайға тап болды. Дегенмен, отандастарымыз, қайырымды жандар Мақтаарал тұрғындарына қаржылай және қажет заттарды жеткізіп беру арқылы көмек қолын созуда.

Біз қайырымдылыққа қаражат бағыттау үшін  Homebank-те қосымша қызметті іске қостық:

1. Homebank қосымшасында «Төлемдер»  бөліміне өтіңіз
2. Іздеу жолағында "Туркiстан" КӘДҚ (КФСР Түркістан) деп іздеңіз немесе «Қайырымдылық" бөлімінде сервисті табыңыз
3. Қайырымдылыққа қаражатты кез келген картадан комиссиясыз жолдауға болады