Баспасөз орталығы

7 мамыр 02:00-ден 10 мамыр 08:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі

04.05.2020

Құрметті клиенттер, елдің ең ірі қаржы институты ретінде Halyk Bank өзінің бағдарламалық қамсыздандыру мен техникалық сервистерінің дамуы мен жақсаруына аса мән береді.

Сол себепті, 2020 жылғы 7 мамырдан бастап 10 мамырға дейінгі демалыс күндеріне банк жүйесінің жақсаруына бағытталған профилактикалық техникалық жұмыстар жүргізеді.

Техникалық жұмыстарды жүргізу кезінде клиенттерге көптеген қызметтер: карталар бойынша төлемдер мен аударымдар, банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаны толықтыру және шешіп алу, Homebank қосымшасында төлемдер және күнделікті орындалатын танымал қызметтер қолжетімді болады

7 мамырдан 10 мамырға дейінгі мереке және демалыс күндері жоспарлы техникалық жұмыстарға байланысты уақытша шектеулі болатын сервистердің тізімімен таныс болыңыздар.

HOMEBANK ҚОСЫМШАСЫ

Homebank қосымшасында көптеген сервистер қолжетімді болады: бонустары бар комиссиясыз төлемдер, кез келген карталарға аударымдар, мобильді нөмірге аударымдар және басқа да қызметтер.

7 мамырдан 10 мамырға дейін мына операцияларға уақытша шектеу қойылады:

  • депозиттерді онлайн ашу
  • кредиттерді онлайн алу
  • онлайн Western Union аударымдары
  • Halyk Bank арасында және басқа банктің жеке және заңды тұлғалары IBAN шоттарына аударым жасау
  • депозит және ағымдағы шот бойынша үзінді көшірме
  • кейбір коммуналдық төлемдер мен білім беру қызметтері.


БАНКОМАТТАР

Клиенттерге банк бөлімшелерінде орналасқан банкоматтардан басқа Halyk Bank-тің барлық банкоматтары қолжетімді болады.

БӨЛІМШЕЛЕР МЕН ТӨЛЕМ ТЕРМИНАЛДАРЫ 

7 мамырдан 10 мамырға дейін мереке және демалыс күндері Halyk Bank бөлімшелері және олардың ішінде орналасқан терминалдар мен автокассалар жұмыс істемейді.

БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

7 мамырдан 10 мамырға дейін Halyk Bank-тің байланыс орталығы тәуілік бойы жұмыс жасайды және депозиттер мен ағымдағы шоттар бойынша үзінді көшірмелер, кредиттер және депозиттер бойынша деректер сервистерінен басқасынан клиенттерге барлық қажетті операциялар бойынша қызмет көрсетеді.

Құрметті клиенттер, техникалық жұмыста жүргізу кезінде сіздерге карталар, банкоматтар бойынша және  Homebank қосымшасында күнделікті орындалатын барлық сервистер қолжетімді болады. Техникалық жұмыстар 10 мамырда 08:00-де аяқталады.


Құрметпен,

Сіздің Halyk Bank