Баспасөз орталығы

1085 медицина қызметкерлері Halyk Bank- тен 105 миллион теңге алды

13.04.2020

Halyk Bank Алматы және Нұр Сұлтан қалаларында COVID-19 коронавирус індетімен күресіп жатқан барлық медицина қызметкерлеріне [ҚР денсаулық сақтау Министрлігі берген тізімге сәйкес] жеке қаражатынан 105 миллион теңге қайырымдылыққа ақша бөлді.

Қайырымдылық қаражат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің берген тізіміне сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық Сараптама Орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы, Алматы қаласы бойынша «Дезинфекция орталығы», ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық Сараптама Орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алматы қаласындағы филиалының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық Сараптама Орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының және басқа да мекемелердің 1085 медицина қызметкерлерінің карталық шоттарына тікелей аударылды.

Науқастармен күнделікті байланыста болып, жанкешті еңбек етіп жатқан медқызметкерлер ақшалай көмек алды. 

«Бұл көмек – қаржы институтының ғаламдық індетпен күнделікті күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне білдірген алғысымыздың бір бөлігі ғана. Бүгінгі күні дәрігерлер, медбикелер, лаборанттар, санитарлар, фельдшерлер және басқа да қызметкерлер өз өмірлеріне қауіп төніп тұрса да отандастарымыздың өмірін сақтап қалу үшін үйлерін көрмей, тәуілік бойы, демалыссыз еңбек етуде!», - деді Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

«Қазіргі жағдай өте күрделі, өкінішке қарай бұл індетке шалдыққандардың саны күннен күнге артып келеді, ал оларды емдеп жүрген медперсоналдың, зертхана қызметкерлерінің де індетке шалығу қауіпі жоғары. Мұндай оқиғалар кездесуде және бұл өте өкінішті. Қазіргі кезде біз үшін кез келген қолдау маңызды. Сондықтан Halyk Bank-тің қаржылай қолдауы бұл медицина қызметкерлері үшін де, санитарлы -эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері үшін де ең алдымен психологиялық қолдау деп қабылданады», -деді өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Ұлттық Сараптама Орталығы» филиалының вирусология зертханасының жетекшісі Айнаш Мақұшева.

Halyk Bank елімізде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап COVID-19 індетімен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдау туралы бастаманы қолға алды. Сол үшін банк өз жеке қорынан 100 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат бөлетіні туралы және қосымша арнайы шотты ашқаны туралы хабарлаған еді. Нәтижесінде бүгінгі күні бұл қаражаттың сомасы 105 миллион теңгені құрады.

Егер де Сіз медицина қызметкерлеріне қол ұшын берем десеңіз, онда қаражатты төменде көрсетілген деректемелер бойынша карта нөміріне жолдасаңыз болады:


Карталық шот:

4277 0455 0140 8820

Деректемелері:

KZ046010001286000064

Бенефициар банктің БСК – HSBKKZKX

Бенефициар банктің БСН – 940140000385

ТМК – 119 «Қайтарымсыз ақша аударымы»

КБе – 14

Қосылыңыз!

Biz Birgemiz!


«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның PR-қызметі

тел. +7 727 2 590 301| pr@halykbank.kz | www.halykbank.kz