Баспасөз орталығы

Halyk Bank-тің барлық бөлімшелері, оның ішінде СОО-дағы бөлімшелер де жұмыс істейді

16.03.2020

Құрметті клиенттер, біз еліміздегі ауқымды және банкоматтар мен бөлімшелердің ең кең желісі бар банк ретінде, қызметті үздіксіз қамтамасыз етудің және миллиондаған клиенттерімізге қолжетімді қызмет көрсетудің маңызды екенін түсінеміз.

Halyk Bank-тің барлық бөлімшелері, барлық банкоматтары мен төлем терминалдары әдеттегі режимде жұмыс істейді. Бұрын демалыс күндері қызмет атқарқан бөлімшелер де өз жұмысын қалыпты жағдайда 9:00-ден 18:00-ге дейін атқаратын болады.

Қазақстанның әрбір қаласының басшылығымен жедел талқылау жұмысы жүргізіліп, СОО-да орналасқан бөлімшелердің жұмысын жалғастыру туралы мәмілеге келгені туралы хабарлаймыз.

Бөлімшелерде тиісті қауіпсіздік шаралары қабылданды: бөлмелерді жүйелі санитарлық өңдеу, жиһаздар мен кеңсе техникасын антисептикалық өңдеуден өткізілді, сондай-ақ қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Барлық сұрақтарға байланыс орталығы тәулік бойы жауап береді. Біздің баспасөз қызметі банктің жұмысы туралы қандай да бір жаңартулар бойынша хабардар етіп отырады.

Өзіңіз және жақындарыңызға сақ болыңыз! Biz birgemiz!