Баспасөз орталығы

Жеке тұлғаларға бөлшек қызмет көрсету тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы

13.07.2018

Құрметті клиенттер!

«Казкоммерцбанк» АҚ-ты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-қа біріктіру шеңберінде қызметтерді тарификациялаудың бірыңғай тәсілін қолдану туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлаймыз.

Осыған байланысты, 2018 жылғы 29 шілдеден бастап Жеке тұлғаларға бөлшек қызмет көрсету бойынша жаңа тарифтер күшіне енеді, 2018 жылғы 30 шілдеде FASTER жүйесі бойынша ақшалай жедел аударымдар бойынша тарифтер күшіне енеді.

Жаңа Тарифтермен сілтемесі бойынша өтіп, нақтырақ таныса аласыздар:

1. Жеке тұлғаларға кассалық-есеп айырысу қызметтерін көрсету бойынша тарифтер
2. Дебеттік карточкаларға қызмет көрсету бойынша тарифтер («Жалақы» және «Стандарт» өнімдері)
3. Дебеттік мультивалюталық карточкаларға қызмет көрсету бойынша тарифтер («Жалақы» және «Стандарт» өнімдері)
4. Төлем карточкаларына қызмет көрсету бойынша тарифтер (арнайы өнімдер)
5. «Казкоммерцбанк» АҚ-пен 27.07.2018ж. дейін (қоса алғанда) дебеттік карталарға қызмет көрсету бойынша тарифтер («Жалақы» және «Стандарт» өнімдері)
6. «Казкоммерцбанк» АҚ-пен 27.07.2018ж. дейін (қоса алғанда) пакеттен тыс төлем карталарына қызмет көрсету бойынша тарифтер
7. «Казкоммерцбанк» АҚ-та 2018 ж. 27 шілдеге дейін қоса алғанда ресімделген төлем карточкаларына (арнайы өнімдер) қызмет көрсету бойынша тарифтер
8. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-та 2018 ж. 27 шілдеге дейін қоса алғанда ресімделген кредит карталарына қызмет көрсету бойынша тарифтер
9. Кредит карталарына қызмет көрсету бойынша тарифтер
10. «Казкоммерцбанк» АҚ-та қоса алғанда 27.07.2018 ж. дейін ресімделген кредиттік карталарға қызмет көрсету тарифтері
11. Homebank тарифтері
12. Сейфтік операцияларды жүргізу тарифтері
13. FASTER жүйесінде ақшалай экспресс-аударымдар бойынша тарифтер

Тарифтерге өзгерістермен және толықтырулармен келіспеген жағдайда, өзгерістер әрекетке енгенге дейін Сіз шартты бұзу және Банк бөлімшесіндегі шотты жабу туралы жазбаша өтініш беру арқылы Шарттан бас тартуға құқығыңыз бар.

Құрметпен,
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ