Металл шот

Халық банкі өз клиенттеріне жаңа қызет түрін ұсынады – аллокацияланбаған металл шот арқылы алтынға инвестиция жасау. Бұл инвестициялаудың ең өтімді түрі болып табылады, себебі клиент кез келген уақытта металл шотынан алтынды сатып, қаражатын шығара алады. 

Әлемдік дағдарыс жағдайында алтын – инвестициялаудың ең тартымды құрал түрі болып табылады, өйткені акциялар, облигациялар мен валютаның құнсыздану кезеңінде алтын дәстүрлі түрде өсу қарқынын көрсетті. Соңғы жылдары алтын бағасы тарихи максимумдағы жаңа рекордтарды көрсетуде. Негізгі валюталарға және теорияда тәуекел емес болып саналатын тіпті дамыған мемлкеттердің мемлекеттік қарызына сенімнің төмендеу жағдайында қазір алтынға салым жасау дұрыс әрі тиімді шешім болып табылады. 

Динамика роста цен на золото

Аллокацияланбаған металл шот дегеніміз  – клиентке тиесілі бағалы металл (алтын) унцияларының санын есепке алу үшін қажетті қолма-қол ақшасыз түрдегі шот. Аллокацияланбаған металл шот ашу арқылы клиенттер өз қолдарындағы бос ақшаны икемді талаптармен алтынға инвестициялау мүмкіндігіне ие болады. Бағалы металл түрлерін сату/сатып алу операцияны жүргізгені үшін комиссия алынбайтын, ҚҚС қамтылмайтын баға бойынша жүргізіледі.

Бағаны Банк халықаралық нарықтағы бағалы металл түрлері бағасының тербелістерін ескере отырып белгілейді. 

Құйма түрінде алтын сатып алғаннан гөрі аллокацияланбаған металл шот арқылы алтынға инвестициялаудың артықшылықтары

- қолма-қол емес түрдегі алтынды сақтаудың қауіпсіздігі,

- сату және сатып алу операцияларын жүзеге асырудың оңайлығы мен ыңғайлылығы,

-  ҚҚС-сыз сатып алу мүмкіндігі.   

-  қол жетімділік (минималды лот 1 унцияны құрайды)

Аллокацияланбаған металл шоттарға қызмет көрсету талаптары туралы толығырақ Сіз сілтеме бойынша таныса аласыз.

Біздің байланыстарымыз:

Егерде бұл өнім сізді қызықтырған болса немесе сізге қосымша кеңес қажет болған жағдайда, Сіз Қазынашылық бөлімінің қызметкерлерімен мына телефондарымен байланыса аласыз +7 (727) 330 1690, +7 (727) 330 1449, +7 (727) 259 0392.

Интернет-банкинг

Байланыс мәліметі

Звонок из Алматы

(+7 727) 259-07-77

Бесплатный звонок из регионов

8 8000-8000-59

Халық банкі картада

барлық бөлімшелердің адресі мен телефондары, банкоматтар мне терминалдардың мекен жайы

адрес головного офиса

050008, г. Алматы, пр. Абая 109 В

Сайттағы барлық бөлімдер картасы

Тендерлер

Сөздiк

Halyk Group